» » 12 жыл бойы комада жатқан ер адам 75 жастағы анасының арқасында есін жиды

12 жыл бойы комада жатқан ер адам 75 жастағы анасының арқасында есін жиды

Қытай тұрғыны 12 жыл бойы комада жатқаннан кейін есін жиды. Осы уақыт бойы анасы оның жанында болып, күтім жасапты.

75 жаÑÑаÒÑ Ð°Ð½Ð°ÑÑ 12 жÑл Ð±Ð¾Ð¹Ñ ÐºÐ¾Ð¼Ð°Ð´Ð° жаÑÒан ұлÑнÑÒ£ жанÑнан ÑÑÒпаÒан
Бұл туралы Daily Mirror басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Ван Шубао  2006 жылы жол апатына ұшыраған. Ол кезде ер адам 36 жаста болыпты.

Жол апатынан ауыр жарақат алған Шубао бастапқыда сал болып қалған. Артынша комаға түсіпті.

Сол кезде 63 жастағы анасы ұлын үйіне алып келіп, осы уақытқа дейін күтім көрсеткен. Қазір анасы 75 жаста. Ол ештеңеге қарамастан мойымай, ұлына деген қамқорлығын жалғастыруда.
75 жаÑÑаÒÑ Ð°Ð½Ð°ÑÑ 12 жÑл Ð±Ð¾Ð¹Ñ ÐºÐ¾Ð¼Ð°Ð´Ð° жаÑÒан ұлÑнÑÒ£ жанÑнан ÑÑÒпаÒан

Анасы 12 жыл ішінде бар жинаған ақшасын ұлының еміне жұмсапты. Мүлде ақшасыз қалған кезінде белшесінен қарызға батқан. Тіпті, 1 ай бойы тек су ішкен күндері болыпты.
Анасының еңбегі еш болмай, арада 12 жыл өткеннен кейін ұлы есін жиып, күлімсіреген.
75 жаÑÑаÒÑ Ð°Ð½Ð°ÑÑ 12 жÑл Ð±Ð¾Ð¹Ñ ÐºÐ¾Ð¼Ð°Ð´Ð° жаÑÒан ұлÑнÑÒ£ жанÑнан ÑÑÒпаÒан

Қазіргі уақытта ер адам әлі де қозғалып, сөйлей алмайды. Алайда Вэй Минъин үмітін үзбейді. Ол ұлының толықтау сауығып кететінінен үмітті.
«Мен берілмеймін», – дейді кейуана.

Stan.kz
08 қараша 2018 ж. 1 179 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (9465)

13 қараша 2018 ж.

№85 (9464)

10 қараша 2018 ж.

№84 (9463)

06 қараша 2018 ж.

Сұхбат

12 жасар композитор
28 қыркүйек 2018 ж. 288

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930