» » Бейтаныс қызға ғашық болып қалған жігіт оны табу үшін сотқа берді

Бейтаныс қызға ғашық болып қалған жігіт оны табу үшін сотқа берді



Пекин тұрғыны бір кездері өзі жолықтырған қызды іздеу үшін кітап дүкенінде бар уақытын өткізуде. Жігіт қызды бұған дейін жолықтырып, сөйлеесе алмай кеткен.

25 жастағы қытайлық жігіт қыркүйек айының соңында бейтаныс бойжеткенді көріп ұнатып қалады. Жігіт қызды бір көргеннен сүйіп қалған. Кездескен бірер секундтың ішінде ерекше байланыс пайда болғанын айтады.
Содан бері кешкі уақытқа дейін кітап дүкенін қарауылдап жүр. Ол қыздың портретін салдырып, елге таратқан. Жігіт өзінің ол қыздың есінде бар-жоғын білмейді. Есінде болмаған күннің өзінде онымен кездесіп сөйлескісі келеді.
Жігіт туыстарынан ақша алуға мәжбүр. Себебі қызды ойлағаннан тыныш жұмыс істей алмайды екен.
«Ел отбасын асырау үшін жұмыс істейді. Менің отбасым жоқ болса, не үшін жұмыс істеймін», – дейді ол.
Жігіт бейтаныс өзі іздеген бойжеткенмен отбасын құрғысы келеді. Ол тіпті қызды табу үшін сотқа арыз жазған. Қыздың оның көңіл күйіне кері әсер еткенінің айтып, полицияның оны тауып беруін талап етті. Алайда сот оның өтінішін қараудан бас тартты.
Бұл оқиға желі қолданушыларының назарын аударды. Көпшілік оның әрекетін романтикалық емес, ерсі деп таныды. Бойжеткенге одан аулақ жүруге кеңес берді.


Stan.kz

13 желтоқсан 2018 ж. 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (9605)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (9604)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (9603)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930