» » Әлемдегі ең мықты зымыран тасығыштың қашан ұшатыны белгілі болды

Әлемдегі ең мықты зымыран тасығыштың қашан ұшатыны белгілі болды


Falcon Heavy зымыран тасығышы алғаш рет 6 ақпанда ұшырылады. Бұл туралы SpaceX компаниясының басшысы Илон Маск өзінің 
Twitter-інде жазды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

«6 ақпанда Кеннеди мүйісіндегі «Апполон» 39А ұшу алаңынан Falcon Heavy зымыран тасығышын ұшыруды жоспарлап отырмыз», - деп жазды ол.

25 қаңтарда SpaceX компаниясы ракетаны сынақтан өткізді. 12 секундқа созылған тестте Merlin 1D 27 қозғалтқышы бір уақытта ұшырылды. Бұған дейін Илон Маск тасығышты 2018 жылдың қаңтарында ұшыратынын хабарлаған.
Falcon Heavy тасығышы Falcon 9 базасында жасалып жатыр. Ол туристерді ай орбитасына саяхатқа апаратын Dragon V2 кемесі үшін әзірленуде. Сонымен қатар, ракета Илон Масктың Tesla Roadster деген жеке машинасын да Марсқа жөнелтеді. Тасығыш ең төмен тірек орбитасына 63,8 тонна жүк жеткізе алады. Оны ұшыру құны – 90-120 миллион доллар.
30 қаңтар 2018 ж. 1 446 2

Гость Jeaplause от 16 ақпан 2019 21:05
Priligy Dapoxetina Prezzo Cialis Giornaliero Controindicazioni cheap cialis online Dapoxetina Antidepresivo

Гость Jeaplause от 6 наурыз 2019 23:29
Buy Levitra Online Canada Buy viagra Viahra