» » Адам сияқты сөйлейтін киттің алғашқы түрі пайда болды

Адам сияқты сөйлейтін киттің алғашқы түрі пайда болды


Ғалымдар оған сәлемдесуді, үшке дейін санауды, дыбыстар шығаруды үйреткен. Proceedings of the Royal Society B журналында жарияланған зерттеуге сәйкес, Вики есімді 14 жасар ұрғашы кит Франциядағы Marineland аквариумында тұрады.

Зерттеушілер Викиді дүниеге келгеннен бастап киттердің мінез-құлқын тануына арналған түрлі экперименттерге тартқан. Бастапқыда Вики қайталау командасын, содан кейін, ағылшын тіліндегі (hello, bye-bye, one, two) сөздерді айтып үйренген.
Вики жаңа сөзді 17 рет қайталағаннан кейін үйренеді екен.
Айта кетейік, киттер есту дыбыстарын сол қалпында жеткізе алатын жануарлардың бірегейі болып саналады.

Baq.kz
01 ақпан 2018 ж. 1 128 0