» » 11 күн ұйықтамаған оқушының миын зерттеген ғалымдар: мұндайды күтпеген едік

11 күн ұйықтамаған оқушының миын зерттеген ғалымдар: мұндайды күтпеген едік


Зерттеу 1964 жылы 8 ақпанда аяқталды. 17 жастағы Рэнди Гарднер 11 тәулік және 25 минут ұйықтамады.
Рэнди ұйқысыз жүрген күндері мен түндері көбейген сайын оның дәм сезу, иіс сезу қабілеті, дыбыстарды айыру қабілеті қалыпты деңгейден ауытқи бастаған.
Ұйқысыз өткен 264 сағаттан кейін Рэнди әлемдік рекордты жаңартты. Осыдан кейін Рэндидің ұйықтауы керек еді. Бірақ оны әскери госпиталге жатқызып, миын зерттеді.
Ол 14 сағат ұйықтады. Дәретханаға барғысы келгенде оянды. Оның тәжірибеден кейін ұйықтаған алғашқы түні жылдам ұйықтау фазасы (дәл осы фазада біз түс көреміз) өте үлкен еді. Одан кейін ол кішірейе бастады да, көп уақыт өтпей-ақ қалыпты деңгейге түсті.
Рэндидің миын зерттеу нәтижесі Аризонадағы ғылыми орталыққа жөнелтілді. Оның қорытындысына сай, Рэндидің миы ұйықтап, қайта оянып отырған. Миының бір бөлігі ұйықтаса, екінші бөлігі ояу болған.
Осыдан кейін Рэнди Гарднердің рекордын жаңартуды қалағандар көп болды. Алайда Гиннес рекордтар кітабы «денсаулыққа зиян» деген себеппен ол тәжірибелерді тіркемеді.
Ұйқысыз өткен 11 тәулік Рэндидің денсаулығына кері әсер етпеді. Бірақ бірнеше жыл бойы оның түнде дұрыс ұйықтай алмағаны анықталды.

01 ақпан 2018 ж. 775 1

Гость Jeaplause от 9 наурыз 2019 07:42
Discount Viagra Pills canadian pharmacy cialis Baclofene Comment Ca Marche Kamagra Oral Jelly London