» » Қытайлар науқас балаларға арнап жасанды құлақ шығара бастады

Қытайлар науқас балаларға арнап жасанды құлақ шығара бастады



Қытай зерттеушілері тәжірибе кезінде бес балаға құлақ тігіп берді. Құлақты науқастардың өз терісінен жасады.

Осылайша мамандар микротия, құлақ кемістігі дертімен, күресуді қолға алды.
Микротия әрбір 6-12 баланың бірінде кездеседі. Мұндай балалардың есту қабілеті төмен болады. Құлақтың сырты дыбысты дұрыс есту қызметін атқарады. Құлақтың сырты болмаса, адам дыбыстың дәл қай жерден шыққанын дұрыс анықтай алмайды.

Осы негізге мамандар шеміршектен жасанды құлақ жасап жатыр. Шеміршекті баланың қабырғасынан алады.
Жаңа әдіс бойынша алдымен адам құлағының көшірмесі алынып, соған ұқсас моделі жасалады. Кейіннен биоыдыратқыш материалмен формасы құрылады. Шеміршектің санына байланысты материал форма ішінде өзгереді. 12 аптадан соң құлақтың қалыбы дайын болады.



Жасанды құлақ салынған балалар 5 жылға дейін дәрігерлердің бақылауында болады. Дәрігерлер кей балалардың құлақ формасы денегі бітіп болғанша өзгеретінін айтады.



http://stan.kz

02 ақпан 2018 ж. 1 126 0