» » Стюардессаларға қойылатын талап жеңілдетілді

Стюардессаларға қойылатын талап жеңілдетілді

СÑÑаÑдеÑÑалаÑÒа ÒойÑлаÑÑн Ñалап жеңÑлдеÑÑлдÑ

Стюардессаларға қойылатын талаптың жеңілдетілгені туралы New York Times басылымы жазды.

Алғашқылардың бірі болып қып-қызыл формасымен атақты Virgin Atlantic авиакомпаниясы осындай шешім қабылдаған. Ендігіде стюардессалар өздерінің сырт келбетіне қатысты қатаң ережелерді сақтамаса да болады.

Мысалы, бұрын тоналды крем мен қызыл далап жағып, жұмысқа макияжбен келуге мәжбүр болған авиакомпания қызметкерлері "мың жыл бұрын жазылған" гайдлайнға бағынуға міндетті емес. 1984 жылдан бері өзгертілмеген стандарттар қатарында тұрақты сақталуы тиіс дене салмағы да бекітілген екен.



Virgin Atlantic-тің атқарушы вице-президенті Марк Андерсон: "Біз  униформаның әр тұлғаның өзіндік стилін көрсеткенін қалаймыз. Қазір әлемде болып жатқан өзгерістерге құлақ аса отырып, әйелдерге еркіндік беру туралы шешімге келдік, "– деді.

Израильдік El Al авиакомпаниясы жұмыс уақытында биік тақалы туфли киюді талап етіп келген. Ал, Пәкістандық авиалиния салмағы 66 келіден сәл асқан жұмыскерін ұшуға жібермейді екен. Virgin Atlantic өзгелердің де бұл бастамаға қосыларына сенеді.


massaget.kz
19 наурыз 2019 ж. 366 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031