» » Алты жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды

Алты жасар бала көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды

Польшада 6 жасар бала терезеден секіріп кеткен бүлдіршінді құтқарып қалды. 

ÐлÑÑ Ð¶Ð°ÑÐ°Ñ Ð±Ð°Ð»Ð° көпÒабаÑÑÑ Ò¯Ð¹Ð´ÑÒ£ ÑеÑезеÑÑнен ÑекÑÑÑп кеÑкен бүлдÑÑÑÑÐ½Ð´Ñ ÒÒ±ÑÒаÑÑп ÒалдÑ

Бұл туралы TVN24 порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды. 

Оқиға 25 наурызда Чеховице-Дзедзице қаласында орын алған. Мачик есімді оқушы аулада досымен бірге ойнап жүрген. Осы кезде терезенің ернеуінен 3 жасар Кордианды көріпті. 

«Ол секіріп кетті. Мен оны ұстап қалдым», - дейді Мачик.

Бүлдіршін 3 метр биіктіктен секірген. Сондықтан оның қағып алған Мачик жараланбапты. Мұнан кейін Кордиан «алаңға барғысы келетінін» айтып, жүгіре жөнелген. Алайда Мачик досымен бірге оны ұстап алып, өзінің анасына алып барыпты. Мачиктың анасы Кордианның ата-анасы тұратын пәтерге барып, есігін қаққанымен, ешкім шықпапты. Артынша ол полиция шақыртқан.

Полицейлер есікті бұзып кіріп, пәтерден Кордианның анасы мен атасын мас күйінде ұйықтап жатқан жерінен табады. Тәртіп сақшылары әйелді тұтқындады. Ол баланы қауіпті жағдайда қалдырғаны үшін 5 жылға дейін қамалуы мүмкін. 

Ал Кордианды тәтесі өз қамқорлығына алды. 

Полиция өкілі Эльвира Юрас Мачиктің баланы құтқарып қалғаны үшін марапатқа ұсынылатынын айтты. 

Stan.kz

29 наурыз 2019 ж. 272 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (9566)

16 қараша 2019 ж.

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 262

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 305

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930