» » Аллаху акбар деп айқайлады: Сирияда Ресей ұшағын атып түсіргендердің видеосы жарияланды (видео)

Аллаху акбар деп айқайлады: Сирияда Ресей ұшағын атып түсіргендердің видеосы жарияланды (видео)


Желіде Сирияда құлатылған ұшақтың тағы бір видеосы жария болды.

Видеода ұшақты қалай атып түсіргені көрсетіледі.
Telegram арнасының мәліметінше, өздерін сириялық тәуелсіз журналист ретінде таныстыратын Northern Syria Observer ұйымы “Джейш Идлиб Хур” лаңкестік топтың мүшесі Махмуд Хадж Исмаилмен сұхбатын жариялады. Ол ресейлік ұшақты өзі атқанын мәлімдеген. Сонымен қатар мұның оққа ұшқан бесінші ұшақ екенін де айтқан.
Айта кетейік, Ресейдің Су-25 ұшағы 3 ақпан күні Сирияның Идлиб провинциясында құлады. Пилот Роман Филипов ұшақ жерге құлаған соң көз жұмған. Ол тұтқынға түспеу үшін өзін гранатамен жарып жіберген. Ұшқыш: «Бұл сендерге біздің жігіттер үшін» деп айқайлап соңғы сөзін айтты. Кейіннен ұшқышқа Ресей батыры атағы берілді.
Бұған дейін ресейлік пилоттың ақтық демі қалғанша берілмегені туралы хабарлаған болатынбыз.




http://stan.kz
08 ақпан 2018 ж. 394 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031