» » Танымал Голливуд актерлері Өскеменге ұшып келді

Танымал Голливуд актерлері Өскеменге ұшып келді

Өскеменге танымал Голливуд актерлері - Марк Дакаскос, Кэри-Хироюки Тагава және өзгелер ұшып келді деп хабарлайды NUR.KZ.
Америкалық жұлдыздар бүгін ШҚО әкімі Даниал Ахметовпен жүздеседі. Кэри Тагава, Майкл Мэдсон, Бай Линг, Марк Дакаскос және Эрик Робертс Шығыс Қазақстанға аймақ туралы арнайы фильмнің түсіріліміне қатысу үшін келген.
Фильм шетелде көрсетіледі деп күтілуде. Актерлер әкіммен кездескеннен кейін өңірді аралап, көрікті жерлерді тамашалауды жоспарлап отыр.
Марк Дакаскос - танымал америкалық актер, режиссер әрі күрес өнерінің шебері. Ол бұған дейін "Көшпенділер" және "Земля номадов" фильмдеріне түскен.
Кэри-Хироюки Тагава - түптамыры жапониялық болып келетін америкалық актер. Ол ТМД елінде 80-90 жылдары түсірілген фильмдерде жағымсыз кейіпкерлерді сомдап, танымал болған.
Джулия Робертстің ағасы Эрик Робертс — америкалық актер, «Оскар» мен «Алтын глобус» жүлделерінің номинанты.
Майкл Мэдсен «Бешеные псы», «Донни Браско», «Убить Билла», «Город грехов», «Омерзительная восьмерка" фильмдерімен танымал болған. Ол 170-тен астам фильмге түскен.
13 ақпан 2018 ж. 137 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9439)

11 тамыз 2018 ж.

№59 (9438)

07 тамыз 2018 ж.

№58 (9437)

04 тамыз 2018 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

20 шілде 2018 ж. 32

Жол уақытша жабылады

10 шілде 2018 ж. 56

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031