» » "Қылықты қыз": Бүркіт пен Наташа Королеваның су жаңа бейнебаяны шықты

"Қылықты қыз": Бүркіт пен Наташа Королеваның су жаңа бейнебаяны шықты



Бүркіт пен Наташа Королеваның бірнеше күн бойы тер төгіп түсірген бейнебаяны жарық көрді. Ресейлік жұлдыз қазақстандық әншімен бірлесіп ән жазып, оған клип таспалау үшін арнайы Алматыға келген болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қос әнші бірге шырқайтын "Қылықты қыз" әнінің бейнебаяны Youtube желісіне екінші тамыз күні жарияланған. Үш күн ішінде туынды 183 мың қаралым мен сансыз пікірлерге ие болған.
Желі қолданушыларының жартысынан көпшілігі өнер иелерінің ортақ жұмысына оң бағасын беріп, Королеваға қазақша ән айтқызған Бүркітке риза болған.
Айта кетерлігі, бейнебаян қазақи нақышта түсірілген. Ресейлік әнші де үстіне ұлттық ою-өрнектермен безендірілген камзол киген.
Соынмен қатар клипте "Қазақстан аруы - 2013" атанған Айдай Исаева мен актер Бауыржан Сатов та бой көрсеткен.
Қазақстанға келген Наташа Королева Қазнетті біршама шулатқан болатын. Желіде ресейлік жұлдыздың қазақи камзолды киіп, бидің түбін түсірген видеосы тараған.
Оған қоса, ол Аишаның қонақжайлығына аса тәнті болып, Бүркіттің арқасында қазақ тілін үйренгенін айтты.



https://kaz.nur.kz
05 тамыз 2019 ж. 201 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 562

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 545

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031