» » Бум-бум: Қайрат Нұртас інісімен бірге тағы клип түсірді (видео)

Бум-бум: Қайрат Нұртас інісімен бірге тағы клип түсірді (видео)

ÒайÑÐ°Ñ ÐÒ±ÑÑаÑ

“My Universe” деп әндетіп, көпшіліктің қызу талқысына түскен ағайынды Қайрат пен Заңғар Нұртас мұнымен тоқтап қалмақ емес. Гүлзира Айдарбекованың балалары бұл жолы орысша әнге бейнебаян түсірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Хитмен бауырымен бірге жасаған жұмысын көпшілікке ұсынуға асықпаған. Алайда жаңа бейнеклиптің көшірме нұсқасы уақытынан бұрын желіде тарап кеткен ұқсайды.
YouTube-те жарияланған видео атауына сенсек, орыс тіліндегі ән “Сердце мое бум-бум” деп аталады. Көпшіліктің пікіріне зер салсақ, тыңдарманға бұл ән аса ұнамаған сыңайлы.
“Ақша бар, не істерлеріңді білмей жүрсіңдер ме? Бум-бум деп, ай бауырлар-ай”, – дейді желі қолданушыларының бірі.
“Қайрат та Ninety one-ға еліктей бастаған сияқты”, “Қазақша айта беріңдерші, өздеріңе жарасатын әндерден”, – дейді келесі тыңдармандар.




Stan.kz

14 қыркүйек 2018 ж. 967 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

№38 (9617)

23 мамыр 2020 ж.

№37 (9616)

19 мамыр 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031