» » Данэлия Тулешованың бейнебаяны шықты

Данэлия Тулешованың бейнебаяны шықты


«Другие» әніне түсірілген бейнебаян YouTube желісіндегі Данэлия Тулешованың ресми арнасында жарияланды. 

Жас әнші Іnstagram-дағы парақшасында оқырмандарынан «Менің көптен күткен «Другие» бейнебаянымды қапрсы алыңыздар!» деп сүйінші сұрады.
Еске сала кетсек, 11 жасар Данэлия Тулешова «Голос. Діти» шоуының ақтық сынында «Океан Эльзы» тобының «Не твоя війна» әнін украин тілінде орындап, жеңіске жетті.
Сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Данэлия мен анасы екеуін қабылдап, Елбасы мен бүкіл қазақстандықтардың атынан жетістігімен құттықтағанын хабарлаған болатынбыз.



03 қаңтар 2018 ж. 309 0