» » Қызылордада 1862 пәтердің құрылысы жүгізілуде

Қызылордада 1862 пәтердің құрылысы жүгізілуде


Биыл аймақта «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасы аясында 1862 пәтерді құрайтын 43 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арнұр Нұрмағанбетов мәлімдеді.
– Аталмыш тұрғын үйдің 24-і сатып алу құқығынсыз жалға беріледі, ал 17 тұрғын үй кредиттік және 2 тұрғын үйдің құрылысы жеке компаниялар есебінен жүргізіледі. Сонымен қатар, облыс әкімдігінің бастамасымен «Баламекен» жобасы шеңберінде 100 отбасы «Болат Өтемұратов Қоры» жеке қорының, ал қалған 50 отбасы жергілікті бюджет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етілетін болды, – деді А.Нұрмағанбетов.
Жалпы 2019 жылы барлық қаржыландыру көздерінен 720,8 мың.ш.м тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарлануда. Сондай-ақ, 2020 жылы сол жағалаудан «Неке қию сарайын», «100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсектік көпсалалы аурухананың», «Жылумен жабдықтау жүйесінің», «Сол жағалау бойынша салынатын 7,6 шақырымдық дамба-жолдың», «Отбасылық медициналық орталықтың», «300 орынға арналған жатақханасы бар 400 орындық физика-математикалық мектептің», «Жанар-жағар май құю станциясының», «Сауда-жәрмеңкелік кешен» мен басқа нысандардың құрылысы басталады.
30 тамыз 2019 ж. 210 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30