» » Жолы жақсының жұмысы өнімді

Жолы жақсының жұмысы өнімді


Облыстағы жергілікті автомобиль жолдарының жайы және оны жақсарту шаралары туралы облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі № 107 шешімінің орындалу барысы туралы және Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы ҚР 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңының облыста орындалуы облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында қарау жоспарланып, тиісті іс-шара жоспары облыс әкімімен келісіліп бекітілген болатын. Осы ретте аталған мәселелерді кезекті сессияға әзірлеу жөніндегі уақытша комиссия құрамы нысандармен танысып, аудандарда мәжіліс өткізуде. Өткен аптада аталған комиссияның құрамы Жалағаш ауданында болды.
Соңғы екі жылда ауданда жол сапасын жақсартуға бай­ла­нысты жұмыстар қарқын алды. Былтыр Бұқарбай ба­тыр, Нысанбай жырау сияқ­ты бірқатар орталық көше жөн­деу­ден өтсе, биыл Абай көшесі толық асфальтталды. Жо­лау­шылар мен жергілікті халық та атқарылған жұмыс­тар­ға оң бағасын беруде. Әлі де жөн­деуді қажет ететін көшелер күн тәртібінен түспейді. Бұл туралы комиссия құрамымен өт­кен бас­қосуда аудан әкімінің орын­басары Алтынбек Дәрібаев ха­барлады.
Облыстық мәслихат ­де­пу­­­­­­­­т­ат­­­­­тары мен тиісті басқарма өкіл­дері, бөлім басшылары мен ауыл әкімдері қатысқан бас­қо­суда бірінші жол сапасын жақ­­сарту жұмыстарына кезек бе­рілді. Осы ретте А.Дәрібаев атқа­рылған жұмыстарды кеңінен тарқатып, бұл тұрғыда әлі де жүзеге асуы тиіс жобаларды кеңінен тарқатты. Ал аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы Жалағаш пен Сырдария аудан­дарын жалғайтын жолдың да жөндеуді қажет етіп тұрғанын назарға салды.
Өңір басшысы айтқандай расында жол апатының көбісі осы трассаның бойында орын алуда. Тіпті жыл сайын адам шығыны да болып жатады. Сондықтан бұл көшелердің құ­рылыс жұмыстарын күн тәрті­біне қоюы орынды.
– Жалағашта соңғы жылдары жол құрылысы қарқын алды деуге болады. Бірақ бұл біздегі жол жөндеу жұмыстарының толық аяқталғанын білдірмейді. Сондықтан біз бастаған жұмы­сымызды жалғастыра береміз. Енді бізде мәселе болып тұрғаны – көршілес Сырдария мен өзіміздің ауданды жал­ғай­тын үлкен жолдың құры­лысы. Бұл жолдың сапасы ра­­сында сын көтермейді. Тіп­ті адам шығыны да орын алып жатады. Сондықтан үл­кен жолдың сапасына мән беру керек деп ойлаймын. Ал кен­тішілік көшелердің жөндеу жұ­мыстарын біз күн тәртібінен тү­сірген емеспіз. Кеше ғана орталық Абай көшесі толық ас­фальтталды. Осындай сапалы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба береді, – деді өңір басшысы.
Былтыр тек аудан орта­лығындағы көшелер ғана емес, ауылдық елді мекендердегі көшелердің сапасына да аса мән берілді. Еңбек пен үл­кен жолдың бойына дейін­гі 8 шақырым жол толық асфальт­талса, Есет батыр ауылындағы Көкпая көшесінің құрылысы да қарқынды жүрді. Мұнан бөлек аудан аумағындағы көпірлердің құрылысына да басымдық бе­рілді. Аудан басшысы халық қа­лаулылары мен басқарма басшыларына ауылдар арасын жалғайтын кейбір жолдардың сапасы сын көтермейтінін айт­ты. Мәселен Еңбек пен Есет батырдың арасын жалғай­тын төте жолдың сапасы нашар. Мұны жергілікті халық та, жолау­шылар да жақсы біледі. Мей­мандар құжаттары әзір­ленсе, назарға алынған мәсе­ле­лердің бірқатарына қолдау көрсететінін атап өтті.
Мұнан кейін «Кемтар ба­ла­ларды әлеуметтік және ме­ди­циналық-педагогикалық түзе­ту арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі №343 Заңының орындалуына кезек берілді. Осы ретте баян­дама жасаған аудандық жұ­мыспен қамту, әлеуметтік бағдар­ла­малар және азаматтық хал акті­лерін тіркеу бөлімінің бас­шысы Э.Құттымбетова атқа­рыл­­ған жұмыстарды кеңінен тар­қатты.

Ерлан СОЗАҚБАЕВ
17 қыркүйек 2019 ж. 325 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9629)

04 шілде 2020 ж.

№49 (9628)

30 маусым 2020 ж.

№48 (9627)

27 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031