» » Еліміздегі жалпы ішкі өнім 4,1 пайызға өсті

Еліміздегі жалпы ішкі өнім 4,1 пайызға өсті

ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов үкімет отырысында жалпы ішкі өнімнің өсімі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

«Өткен жылы 11 ай қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнім 4,1 пайызға өскен. Ал осы жылғы қаңтар мен қарашада экономиканың өсуі 4,4 пайызды құрады. Осыған байланысты желтоқсанда өсім төмен болмайды деп ойлауға негіз бар. Біріншіден, биыл экономика өсім серпінін көрсетіп отыр. Екіншіден, өңдеу өнеркәсібінде оң көрсеткіштер байқалуда», - деді Ұлттық экономика министрі Үкімет отырысында. 
Оның айтуынша, негізгі капиталға салынған инвестициялар 8,3 пайызға дейін артқан. Қараша айында жылдық инфляция 5,4 пайызды көрсеткен.

oinet.kz
13 желтоқсан 2019 ж. 387 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (9582)

14 қаңтар 2020 ж.

№2 (9581)

11 қаңтар 2020 ж.

№1 (9580)

06 қаңтар 2020 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 743

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 698

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031