» » Қызылорда облысы инвестициялар өсімі бойынша үздік 4 өңірдің қатарында

Қызылорда облысы инвестициялар өсімі бойынша үздік 4 өңірдің қатарында

Былтыр Қызылорда облысына 400 млрд. теңгеден астам инвестиция салынды. Бұл 2018 жылға қарағанда 17,4 пайызға артық. Инвестициялар өсімінің қарқыны бойынша жоғары өсу динамикасы бар үздік 4 өңірдің қатарында. Бұл туралы облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов халыққа есеп беру жиынында мәлімдеді, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.

«Бұл – біз бен сіздің бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. Өсім мемлекет бюджеті қаражатының есебінен емес, кәсіпорындардың өз қаражатының негізгі капиталына салымдардың өсуі есебінен (26%-ға) қамтамасыз етілді. Бүгінде барлық инвестициялардың 80 пайызы солардың үлесінде», – деді аймақ басшысы.

Инвестициялардың өсуімен облыстағы құрылыс жұмыстары 54 пайызға (146 млрд. теңге), тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 8,8 пайызға артып отыр. Өткен жылы өңірде 760 мың шаршы метр тұрғын үй көлемі пайдалануға берілген.

19 ақпан 2020 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9602)

27 наурыз 2020 ж.

№22 (9601)

21 наурыз 2020 ж.

№21 (9600)

17 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031