» » Теңге бағамы неге төмендеп кетті: Ұлттық банк төрағасы жауап берді

Теңге бағамы неге төмендеп кетті: Ұлттық банк төрағасы жауап берді

ақша

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев теңгенің әлсіреуін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банк төрағасы теңге бағамының әлсіреуін мұнай бағасының төмендеуімен байланыстыра отырып түсіндірді. 
"Дамушы елдердің валюталарының аталған әлсіреуі аясында теңгенің айырбас бағамы шілде айының басынан бастап бір доллар үшін 404.07-ден 10 тамыздағы 418,31 теңгеге дейін әлсіреді. Теңгенің әлсіреуі мұнай барреліне 40 доллардан жоғары бағамен белгіленіп отыр. 7 тамыздағы жағдай бойынша, мұнай қорының азаюы және ОПЕК келісімінің сақталуы туралы жаңалықтар аясында мұнай бағасы барреліне 44,4 доллар деңгейінде шоғырланды", - деді Досаев.
Ол Ұлттық қор активтерін айырбастау үшін ұлттық валютаға қолдау көрсеткенін атап өтті. Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюта түсімдерінің бір бөлігін міндетті сатуы жөніндегі кеңейтілген шаралар маңызды рөл атқарды.

11 тамыз 2020 ж. 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9652)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (9651)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (9650)

15 қыркүйек 2020 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930