» » 7 ПРОЦЕНТТІК ИПОТЕКАНЫҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ

7 ПРОЦЕНТТІК ИПОТЕКАНЫҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ


Үкіметтің бүгінгі отырысында Ұлттық банктің төрағасы Д.Ақышев "7-20-25" бағдарламасының жобасын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас банкирдің айтуынша, 7 проценттік ипотекамен айналысатын арнайы компанияның капиталы Ұлттық банктің есебінен қалыптасады. Компания ол ақшаға екінші деңгейлі банктер берген жаңа ипотекалық несиелерді сатып алады.
"Жаңа бағдарлама әркімге жеңілдік шарттарын береді. Алайда бағдарлама масылдыққа жол бермеуге тиіс. Бағдарлама қарыз алушының төлемге қабілетті болуын талап етеді. Оған ресми кірісі бар Қазақстан азаматтары қатыса алады. Қазір банктермен жаңа бағдарламаның шарттары пысықталуда. Мысалы, үйдің бағасы 7 миллион теңге болса, ай сайынғы төлем 50 мың теңгеден аспайды. Бұл жалпы алғанда жұмыс істейтін Қазақстан азаматтарының көпшілігі үшін қолайлы", - деді Данияр Ақышев.
Оның сөзіне қарағанда, бүгінде республика бойынша тұрғын үйдің бағасы әр алуан. Сондықтан ірі қалалар мен аймақтар бойынша баспана бағасына дифференциация жасалуы мүмкін.
"Бағдарламаның қазіргі өлшемдері әзірше жоба екенін ескеру керек. Бұның барлығы әлі мемлекеттік органдар мен банктермен талқыланады. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарының пікірін естуіміз керек", - деп атап көрсетті Д.Ақышев.

13 наурыз 2018 ж. 232 1

Гость Jeaplause от 24 ақпан 2019 01:26
Como Usar Propecia Sex Med Man viagra Propecia Posologia

PDF нұсқалар мұрағаты

№21 (9497)

21 наурыз 2019 ж.

№20 (9496)

12 наурыз 2019 ж.

№19 (9495)

07 наурыз 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031