» » Жоғары пайызбен несие берген банктер жазалануы мүмкін

Жоғары пайызбен несие берген банктер жазалануы мүмкін

Елімізде 13 млн-дай адам несие алып, падемия кезінде қарыздарын қайтара алмай отырған жағдайы бар.



ERNUR.KZ. Бұл туралы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында айтылды, деп жазады 24.kz.

Жиын барысында сөз алған Ләззат Қожахмет жоғары процентпен несие беретін банктерді анықтау қажеттігін айтты.

«Елімізде 13 млн-дай адам несие алып, падемия кезінде қарыздарын қайтара алмай отырған жағдайы бар. Оларға әртүрлі қысым көрсетіліп, есепшоттарын бұғаттап тастаған. Негізсіз несие алған халықта да кінә бар. Бірақ проблемасы көп банктерді анықтауды сұраймыз. Жұмыс істемейтін, зейнетақы жарнасы аударылмайтын, төлем қабілеті жоқ, бірнеше банкте несиесі бар адамдарға жоғары процентпен несие берген банктерді анықтап, халық тұрмысының нашарлай түсуіне тікелей сеп болғаны үшін жазалау керек деп санаймыз», – деді ол.

22 қазан 2020 ж. 158 0