» » Қазақстандық Forbes тізіміндегі жеті миллиардер

Қазақстандық Forbes тізіміндегі жеті миллиардер

Forbes.kz басылымы Қазақстанның ең дәулетті 50 бизнесменінің тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Былтыр отандық миллиардерлер тізімінде төрт адам ғана болса, биыл бұл тізімді Kaspi тобының иелері Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе және Freedom Finance негізін қалаушы, сондай-ақ негізгі акционері Тимур Турлов толықтырды. Олардың  жиынтық байлығы былтырғы көрсеткіштен (12,7 млрд АҚШ доллары) екі есе жоғары – 24,1 млрд АҚШ доллары.
Ең дәулетті ондыққа келесі азаматтар енген:
  1. Владимир Ким. Дәулеті – 4,7 млрд АҚШ доллары;
  2. Вячеслав Ким. Дәулеті – 4,2 млрд АҚШ доллары;
  3. Михаил Ломтадзе. Дәулеті – 3,9 млрд АҚШ доллары;
  4. Болат Өтемұратов. Дәулеті – 3,5 млрд АҚШ доллары;
  5. Тимур Құлыбаев. Дәулеті – 2,9 млрд АҚШ доллары;
  6. Динара Құлыбаева. Дәулеті – 2,9 млрд АҚШ доллары;
  7. Тимур Турлов. Дәулеті – 2 млрд АҚШ доллары;
  8. Ибрагимовтер әулеті. Дәулеті – 980 млн АҚШ доллары;
  9. Кеңес Рақышев. Дәулеті – 950 млн АҚШ доллары;
  10. Сәрсеновтер әулеті. Дәулеті – 810 млн АҚШ доллары.
18 мамыр 2021 ж. 2 382 0