» » Арыстық шенеунік миллиондарды туыстарына аударып отырған

Арыстық шенеунік миллиондарды туыстарына аударып отырған

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеу амалдары бойынша Арыс қаласының "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ басшысының орынбасарын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Антикор-ға сілтеме жасап.


"Айыпталушы жеке тұлғалардың қатысуымен 2018-2021 жылдар аралығында аз қамтылған санатқа жатпайтын жақын туыстары мен таныстарына заңсыз ақша аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Тергеулер нәтижесінде, мемлекетке алдын ала 160 миллион теңгеден астам залал келтірілді", – делінген ресми хабарламада.

Ұрланған қаражат "мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек" бағдарламасы аясында Арыс қаласының аз қамтылған жеке тұлғаларына (отбасыларына) ақшалай төлемдер және халықтың белгіленген санаттарын пандемияға байланысты төтенше жағдай мен шектеу шаралары кезінде азық-түлік пен тұрмыстық заттармен қамтамасыз етуге бөлінген. 

Тергеу амалдары жалғасуда.

19 шілде 2021 ж. 1 151 0

№60 (9740)

31 шілде 2021 ж.

№59 (9739)

27 шілде 2021 ж.

№58 (9738)

24 шілде 2021 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2021    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031