» » Доллар қайта қымбаттай бастады

Доллар қайта қымбаттай бастады


KASE Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға шаққандағы бағамы сәл қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таңғы сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 12 тамыз кешімен салыстырғанда 0,73 теңгеге өсіп, АҚШ долларының орташа бағамы 425,01 теңге болды. Ұлттық банктің 13 тамыздағы ресми бағамы -1 доллар үшін 424,24 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, бүгінде Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 425,15 теңгеден сатылса, сатып алу - 426, 66 теңге. Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау пунктілерінде доллар 424,80 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу құны - 425,98 теңгені құрады.


13 тамыз 2021 ж. 437 0