» » МАҚСАТ – ҚАРЖЫНЫ ДҰРЫС БАҒЫТТАУ

МАҚСАТ – ҚАРЖЫНЫ ДҰРЫС БАҒЫТТАУ

Өткен аптада Жалағаш аудандық мәслихатының кезектен тыс 9 сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралып, мәслихат депутаттарының назарына ұсынылды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «2021-2023 жылдарға арналған Жа­ла­ғаш кенті және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» Жалағаш аудан­дық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы шешімдеріне өз­ге­рістер енгізу туралы аудандық эко­но­мика және бюджетті жоспарлау бө­лімінің басшысы баяндады.

– Биыл­­ 1 шілдедегі ҚР Үкі­­метінің 451 қаулысына бай­ла­нысты мемлекеттік саяси және әкім­шілік қызметкерге еңбекақы тө­леу­дің кейбір мәселелері туралы қау­лысы бекітіліп, мемлекеттік қыз­метшілердің еңбекақысының ұл­ғаюы­на байланысты кент, ауыл­дық округтердегі мемлекеттік қызмет­ші­лер­дің еңбекақысын төлеуге қажетті қаржыны бағыттау көзделуде. Соны­мен қатар Қаракеткен ауылдық окру­гінің аппаратына елді мекендерді абат­тандыру мен көгалдандыру жұ­мысына үш миллионнан аса қаражат бағытталуда. Бұл балалар ойын алаңын орнатуға және осы қаражатқа қо­сымша қаражат Қаракеткен ауы­лы­ның өздерінің түсімдерінің артық түсімі осы ойын алаңының жоба-сме­талық құжатындағы құнына бағыт­талмақ.

Бұдан бөлек аудандық бюд­жет­тен бөлінген қаражаттардағы өзге­рістерімен қатар кент, ауылдық ок­руг­тердегі дербес бюджеттің қар­жыландыру жоспарларына сәйкес есептеу жүргізілді. Қорытындысымен он екі миллион бір жүз тоқсан алты мың теңгенің үнемделгені анық­талды. Осы қалған қаражаттар қыс­қартылып, сәйкесінше кент, ауылдық округтердің өздерінің өткізген бюд­жеттік өтінімдеріне сәйкес қайта бағытталу көзделуде. Сонымен қа­тар Аламесек ауылдық мәдениет үйінің бу қазандығының моржасын жөн­деуге қажетті қаржыны бағыттау мақсаты бар, – деді Жұпар Баймаханова.

Сессияда сала басшысы осы секілді үнемделген қаражат көз­дері түптеп келгенде ауылдық округ­тер­дің абаттандырылуына, да­муы­­­на жұмса­латынын айта кетті. Мұ­нан соң сессия отырысында ау­­дандық жер қатынастары бө­лі­мінің басшысы Бабаназар Байбо­лов хабарлама жасады. Оның ай­туынша, ҚР-ның салық кодексінің тиісті тармағына сәйкес салық салу обьектісінің елді мекенде ор­на­ласуын ескеретін аймаққа бө­ліну коэффициентін жергілікті ат­­қа­рушы органдар осындай коэф­фициент енгізілетін жылдың бірінші желтоқсанына кешіктірмейтін мер­зімде аймаққа бөлу коэффициентін есептеуге сәйкес бекітеді. Сондай-ақ ол бекітілген жылдан кейінгі жыл­дың бірінші қаңтарынан бастап енгізілуі тиіс екені көрсетілген. Бөлім басшысы осыған байланысты заң­дылыққа сәйкес тиісті жұмыстар ат­қарылатынын атап өтті.

Сессия отырысын Жалағаш ау­дандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы №18/2 сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен бо­лып табылған иесіз қалдықтарды бас­қару қағидаларын бекіту тура­лы шешімнің күші жойылды деп тану, Жалағаш аудандық мәс­ли­хат аппаратының штаттық құры­лы­мын бекіту мәселелері туралы баян­даған аудандық мә­с­лихат ап­па­ратының басшысы Б.Жа­қа­нова қо­ры­тындылады. Бас­қо­су соңын­да күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты хабарламашыларға сұ­­­рақтар қойы­лып, депутаттар та­рапынан тиісті шешімдер қа­был­данды.

Н.АЛМАСҚЫЗЫ

28 қыркүйек 2021 ж. 762 0