» » ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ 40 ПАЙЫЗДАН АСТЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЭЛЕКТРОНДЫ ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ 40 ПАЙЫЗДАН АСТЫ


Департамент электронды қызметтерді алу үлесін арттыру мақсатында биылдан бастап шалғайдағы ауыл тұрғындарына "E-Gov" порталымен жұмыс жасау дағылдарын үйретуді қолға ала бастады.
  Қызылорда облысында соңғы бір жылда электронды түрде көрсетілген қызметтердің үлесі 3,5 есеге артып, 40 пайызды құрады.
Бұл туралы облыстық Мемлекеттік қызмет істері департаментінің басшысы Абзал Мұхимов Шиелі ауданында ұйымдастырылған "Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі" барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.
  Департамент электронды қызметтерді алу үлесін арттыру мақсатында биылдан бастап шалғайдағы ауыл тұрғындарына "E-Gov" порталымен жұмыс жасау дағылдарын үйретуді қолға ала бастады. Осы мақсатта Шиелі ауданында тұңғыш рет "Мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі" ұйымдастырылып, ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізілді.
  Сонымен қатар, Департаменттің бастамасымен Коғамдық кеңес отырысы өткізіліп, Шиелі ауданы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы кейбір мәселелер мен аудандағы сыбайлас жемқорлықтың жай күйі қаралды.
  Электронды түрде көрсетілген қызметтердің үлесін арттыруға бағытталған мұндай кешенді шаралар Қызылорда облысы бойынша аудан деңгейінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.


https://kyzylorda-news.kz
04 сәуір 2018 ж. 514 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031