» » Brent маркалы мұнай бағасы 4 жылдан бері алғаш рет 76 доллардан асты

Brent маркалы мұнай бағасы 4 жылдан бері алғаш рет 76 доллардан асты


Лондон және Нью-Йорк шикізат биржасындағы дүйсенбі күнгі сатылым қорытындысы бойынша мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Stan.kz.

Сатылым қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында шілде айында жеткізілген Brent маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 1,3 долларға (400 теңгеден аса) артып, бір баррелі 76,17 долларды (25 мың теңгеден аса) құрады. Осылайша Brent маркалы мұнай бағасы 2014 жылдың қараша айынан бері алғаш реті 76 доллардан асты.
Нью-Йорк тауар биржасында маусымда жеткізілген WTI маркалы мұнай фьючерсінің бағасы 1,01 долларға (300 теңгеден аса) артып, бір баррелінің бағасы 70,73 долларға (23 мың теңгеден аса) теңесті.



http://stan.kz

11 мамыр 2018 ж. 17 0

PDF нұсқалар мұрағаты

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031