» » 1600-ДЕН АСТАМ АДАМ КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕНЕДІ

1600-ДЕН АСТАМ АДАМ КӘСІПКЕРЛІК НЕГІЗДЕРІН ҮЙРЕНЕДІ

Жыл сайын осы кезеңде Жолдауды асыға күтетін жағдайға жеттік. Себебі, ол жыл көлемінде атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар беретін жолбағдарымызға айналды. Осы жерде биылғы Жолдауда айтылған мына мәселеге тоқталып өткім келеді.
Жолдауда Елбасы: «Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек», – деп баса айтты.
Бұл мәселеде нәтиже жоқ емес. Былтыр басталған «Бастау Бизнес» жобасы облыста пилоттық режимде Арал, Қазалы, Қармақшы, Шиелі, Жаңақорған аудандарын қамтыды. Жыл көлемінде 937 ауыл азаматы оқытылып, 358 азаматтың жобасы қаржыландырылды. Жоба азаматтарды жаппай кәсіпкерлікке тартуға, жұмыспен қамтуға айтарлықтай сеп болды.
Мемлекет басшысы да бұл бастамаға қатысты Жолдауда: «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының бизнесті үйрету жөніндегі жұмыстары қолдауға тұрарлық», – деп жоғары баға берді.
Жоба биыл да жалғасады. Жоспар бойынша оған Жалағаш және Сырдария ауданының тұрғындары да қатыса алады. Жыл ішінде 1600-ден астам қызылордалықты оқыту көзделіп отыр.

Ғалымбек ЖАҚСЫЛЫҚОВ,
облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры.

11 қаңтар 2018 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9439)

11 тамыз 2018 ж.

№59 (9438)

07 тамыз 2018 ж.

№58 (9437)

04 тамыз 2018 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

20 шілде 2018 ж. 33

Жол уақытша жабылады

10 шілде 2018 ж. 58

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031