» » ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІС ОРНЫ

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІС ОРНЫ


Қызылорда облысындағы қуатты өндіріс орнының бірі – Жаңақорған ауданында орналасқан «СКЗ-U» ЖШС. Жаңа технологиямен жұмыс жасайтын зауыт 2007 жылы Қазақстан, Канада және Жапония мемлекеттері компанияларының құрылтайшылығымен құрылған болатын. Күкірт-қышқылы зауыты 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында салынған озық технологиялы зауыт елімізде баламасы жоқ өндіріс орны қатарында. Зауыт «Қазатомпром» АҚ-ға қарасты уран өндіретін кәсіпорындарды ең басты реогент күкірт қышқылымен қамтамасыз етеді. Оның қуаттылығы күніне 1500, жылына 500 мың тоннаны құрайды.
Кәсіпорын 200-ден астам адамды жұмыспен қамтып отыр. Күкірт қыш­қылын өндіру технологиясы бойынша қалдықсыз жұмыс жасауды мақсат ет­кен өндіріс орнында шикізатты өнімге айналдыру үлесі 99,9 пайызды құрайды.
– Тәжірибе алмасу мақсатында көп­теген шетелдердегі осындай зауыт­тардың жұмыстарымен таныстық. Сон­да байқағанымыз, біздің отандық өндіріспен шұғылданатын зауытымыз жаңа технологияны игеруде ешқай­сысынан қалыс қалмайды. Ең қуаныш­тысы – қандастарымыз өндіріс­тегі тың мамандықтарды игеруге талаптанып, құлшыныс танытуда, – дейді зауыттың бас директоры, облыстық мәслихат депу­таты Мәдіхан Бекжанов.
«СКЗ-U» ЖШС күкірт қышқылын өндірумен бірге электр энергиясын да өндіреді. 2013 жылы зауытта өнім өндіріле бастағанда зауыт сағатына 420 кВт-тық өзінің күн электр станциясын іске қосады. Бүгінде аталған электр энергиясы серіктестіктің жұмысшылар тұратын қалашығын толықтай жарық­пен қамтамасыз етіп отыр.
«СКЗ-U» ЖШС еліміздің эконо­микасына үлес қосумен бірге әлеу­меттік жауапкершілікті де қатар алып келеді. Қайырымдылық, демеушілік шараларынан қалыс қалған кезі жоқ. Мәселен, 2012-2016 жылдары серіктестік бұл бағыттағы шараларға  32 млн теңгеден астам қаржы бөл­ген. Сондай-ақ, Кейден ауылында сква­­жина қазып, ауыл тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етіп отыр. Ауыл­дың аяқсу мәселесін шешуге де үлес қосты. Жұмысшыларының өмі­ріне жауапкершілікпен қарай­тын серіктестік басшылығы қыз­меткерлердің әлеуметтік жағдайына мән береді. Әлеуметтік пакетке то­лықтай медициналық сақтандыру ен­ген. Мұнымен қоса, зауытта күн сайын қызметкерлердің денсаулығын қадағалайтын тұрақты медициналық пункт жұмыс жасайды.
Серіктестік болашақ мамандарды дайындауда да белсенділік танытуда. Мәселен, бүгінгі күнде кәсіпорын есебінен 3 студент жоғары оқу орнында, 5 студент колледждерде өндіріске қажетті мамандықтарды игеруде. Олар оқуын бітірген соң, осы зауытта жұмыс жасайтын болады. Яғни, өндіріс орны жаңа толқынмен жаңарып отырады деген сөз.

Нұрмахан ЕЛТАЙ.
 Жаңақорған ауданы.
07 маусым 2018 ж. 390 2

Гость Jeaplause от 18 ақпан 2019 03:01
Wo Kann Ich Viagra Ohne Rezept Kaufen dapoxetine ou priligy Xenical Donde Compro Online Usa Cialis Ohne Rezept Hamburg

Гость Jeaplause от 9 наурыз 2019 03:59
Viagra 50 Ou 100 Best Sites For Low Price Cialis Cialis 2 5 Mg cialis vs viagra Acquisto Cialis Generico In Italia

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (9565)

12 қараша 2019 ж.

№88 (9564)

09 қараша 2019 ж.

№87 (9563)

05 қараша 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 221

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 276

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930