» » АУДАН БЮДЖЕТІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

АУДАН БЮДЖЕТІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында­ ау­дандық мәслихаттың кезектен тыс ХХІҮ сессиясы болып өтті. Сессияда аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Баймаханова «2018-2020 жылдарға арналған ау­дандық бюджет туралы» Жалағаш аудан­дық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №19-1 шешіміне өз­герістер мен толықтырулар енгізу туралы хабарламасы тыңдалды. Бұл мә­селе бойынша аудандық мәслихат аппаратының басшысы Б.Жақанова Жалағаш аудандық мәслихатының кейбір нормативтік құ­қықтық шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы хабарлады.
Сессияда Аламесек ауылдық округінің әкімі Н.Опабековтың Есет батыр ауылындағы кейбір көшелерді қайта атау туралы, Еңбек ауылдық округінің әкімі Қ.Қалдановтың Еңбек ауылындағы Ғани Мұратбаев тұйық көшесін қайта атау туралы, Қаракеткен ауылдық округінің әкімі Қ.Өлментаевтың Қаракеткен ауылындағы кейбір көшелерді қайта атау туралы, Аққыр ауылдық округінің әкімі Ж.Матаевтың Аққыр ауылындағы Аққыр көшесін қайта атау туралы хабарламалары тыңдалып, бекітілді.
Сессия жұмысын қорытындылаған аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев 2018 жылдың басында аудан бюджетінің болжамы 7,1 млрд теңге болып белгіленсе, қазіргі кезде бұл көрсеткіш 8 млрд 70 млн теңгеге өскенін жеткізді. Республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген бұл қаржыға биыл аудан орталығындағы Абай, Бұқарбай батыр атындағы көшелерді жөндеу жұмыстары басталды, ал, кезекте тұрған қалған көшелерді жөндеу кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады. Кезінде асар әдісімен салынған аудандық аурухананы заман талабына лайық етіп жаңадан салатын уақыт жетті. Аудан халқының тілегіне орай жаңа аурухананың сметалық жоба құжаттары дайын, биыл құрылыс жұмысын бастау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, ауданды газдандыру бағытындағы алғашқы дайындық жұмыстары жүріп жатыр.
Бұдан әрі өңір басшысы аудандағы жағымды жаңалық: өткен аптада ау­дан­дық ішкі істер бөлімінің ғимараты жаңа­дан салынып, пайдалануға бе­ріл­генін, биылғы жылғы ҰБТ-ның қоры­тындысымен аудан мектептері бойынша орташа балл 87,4 құрап, жоғары көрсеткішке қол жеткенін айтып өтті. Аудан мектептерінің бі­лім сайысындағы бұл жетістігі – ұс­таз­дар қауымының ізденісі мен тынымсыз еңбегінің жемісі екенін атап өтіп, алдағы қыс маусымына әзірлік барысын пысықтады.
Қорытынды сөзінің соңында Қайратбек Әубәкірұлы сессияға қатысушыларды ауданда атқарылып жатқан ауқымды жұ­мыстарды халық арасына жеткізіп, на­сихаттауға және биылғы жылы мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің 120 жылдығы мен Социалистік Еңбек Ері Ұ.Еспановтың 90 жылдық мерейтойларын толымды тартулармен қарсы алып, жоғары дәрежеде өткізуге атсалысуға шақырды.

«ЖЖ» ақпарат.
03 шілде 2018 ж. 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 125

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 82

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 102

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031