» » Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

Бүгін ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов министрлік ұжымына жаңадан тағайындалған вице-министр Әсет Ирғалиевті таныстырды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз хатшысы Самал Ыбраева Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.


«Оның кандидатурасын таныстыра келіп, Тимур Сүлейменов жаңа орынбасардың алдында халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық ынтымақтастық, сауда және сыртқы сауда қызметі мәселесіне жетекшілік ету тұрғанын хабарлады.

Министр жаңа орынбасардың жинақтаған тәжірибесін, білімі мен кәсіби дағдысын қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін қолданатындығына сенім білдірді», - деп жазды Ыбраева парақшасына.

Әсет Ирғалиев Қазақстандық менеджмент, экономика және болжамдау институтының (КИМЭП) мемлекеттік саясат экономика саласында бакалавр дәрежесінде үздік тәмәмдады (Алматы, Қазақстан). Халықаралық Йонкопинг бизнес мектебін халықаралық экономика саласында ғылым бакалавры дәрежесімен (Jönköping University, Швеция), Йорк университетін экономикадағы ғылым магистрі дәрежесімен (University of York, Ұлыбритания), Ноттингем университетін экономикадағы философия магистрі дәрежесімен (The University of Nottingham, Ұлыбритания) аяқтады.

Әсет Ирғалиев Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің PhD докторы дәрежесін иемденген (Лондон, Ұлыбритания).

Еңбек жолын Лондондағы Еуропалық даму және қайта құру банкінің (ЕДҚБ) Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия бойынша экономика департаментінің аумақтық экономисті ретінде бастаған.

qamshy.kz

03 қыркүйек 2018 ж. 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031