» » ШАРУАСЫ ШИРАҚ ЖАЛАҒАШ

ШАРУАСЫ ШИРАҚ ЖАЛАҒАШ


Жалпы ауданда егін саласымен бірге мал шаруашылығы қатар дамып келеді. Мемлекет қолдауына ие болған жергілікті тұрғындар жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, мал басын асылдандыру мақсатында жүйелі жұмыстар атқаруда. Нәтижесінде, шаруашылық иелері ет бағытында өнімдерін саудаға шығарып, өз ісін өрістетуде. Аудан халқының ауыл ша¬руа¬шылығын дамыту мақсатында атқарып жатқан ауқымды жұмыстарының арқасында мал басы саны бойынша да едәуір өсім байқалады. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда ірі қара саны 6,2 пайызға, жылқы 11,9, түйе 12,6, ал, уақ мал саны 2,5 пайызға артқан. Аталған саладағы өсім тек мал басының еселенуімен шектелмей, өндіріс көлеміне де оң әсерін тигізіп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда ет өндіру 2,5 пайызға артса, бұл көрсеткіш сүт өндірісінде 1,4 пайызға жетіп отыр.
Жергілікті тұрғындардың біршамасы қорадағы бар малын бордақылап, табысқа кенелсе, көбісі мемлекеттік бағдарламалардың көмегімен кәсібінің көкжиегін кеңейтуде. Биыл «Сыбаға» бағдарламасы бойынша өңірдегі 6 шаруа қожалық 29,5 млн теңгемен қар¬жыландырылып, кәсіпкерлер тиісті қара¬жат¬қа 219 бас жергілікті аналық пен 8 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. Ал, «Құлан» бағ¬дарламасы бойынша аймаққа 92 бас бие мен 8 бас асыл тұқымды аталық жылқы жеткізілді. «Алтын асық» бағдарламасымен де аудан еңбеккерлері толайым табысқа кенелуде. Биылдың өзінде аталған бағдарламаның көмегімен 190 бас қой мен 7 бас асыл тұқымды қошқарға қол жеткізген шаруашылық иелері уақ мал санын арттырумен қатар өз өнімдерін саудаға шығаруда.
Мал басын асылдандыру мақсатында жұмысын бастаған шаруашылықтардың алды бүгінде өз өнімін экспорттауды қолға алған. Аққұм ауылдық округіндегі «Бақдәулет-57» шаруа қожалығы мал басын асылдандырумен жұмысын бастаса, бүгінде жемісін көріп отыр. Табысқа кенелу үшін алдымен сапаға мән беру керектігін ескерген жергілікті шаруашылықтар әсіресе осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруға ден қойған. Нәтиже де жаман емес.
Жалпы, шаруашылық иелерінің бет алысы жаман емес. Бірі егін саласын ілгерілетуге ден қойса, енді бірі мал шаруашылығын дамытуды қолға алған. Осы жылы ауданда 13 млрд 20,6 млн теңгені құрайтын ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді. Бұл көрсеткішті өткен жылмен салыстырсақ 3,4 пайызға артқан. Жалпы егін саласымен қатар мал шаруашылығында да алдағы уақытта айтарлықтай жетістікке қол жеткізеріміз сөзсіз. Себебі, осы бағытта кәсіпке ден қойған жергілікті халықтың саны да артып келеді.

Кенжетай ҚАЙРАҚБАЕВ.

26 желтоқсан 2017 ж. 874 2

Гость Jeaplause от 10 наурыз 2019 13:06
Viagra Bodybuilding http://kamagpills.com Propecia Front Receding Hairline Antibiotic With Out An Rx Kamagra Oral Jelly Berlin

RebCame от 16 маусым 2019 00:15
Isotretinoin Cash Delivery Overseas sale isotretinoin roacutan website cheapeast cialis for sale Secure Zentel 400mg Ups In Canada Pharmacy Viagra Plus 400 Mg