» » Ақша айырбастау пунктерінде доллар қымбаттады

Ақша айырбастау пунктерінде доллар қымбаттады


Алматыда ақша айырбастау пунктерінің көбінде долларды 374-375,5 теңгеден сатып жатыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі kurs.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгін KASE биржасының күндізгі сессиясында доллар бағасы 368,57 теңгеге төмендеді. Мұнай баррелінің құны 81,5 доллар болып тұр. Бір тәулік бұрын мұнай баррелі 84,7 доллар болған.

10 қазанда KASE таңғы саудасының қорытындысы бойынша доллар курсы 369,05 теңге болды. Ал 9 қазандағы күндізгі сессияның соңында доллар бағасы 372,13 теңгені құрады.

Baq.kz

11 қазан 2018 ж. 262 0