» » Жыл басынан бері 327 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды – Әбілқасымова

Жыл басынан бері 327 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды – Әбілқасымова

Бүгін өткен Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова өнімді жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы туралы есеп берді, - деп хабарлайды Baq.kz.

"2018 жылы бағдарламаны іске асыру үшін 112 млрд теңге бөлінді. Жыл соңына дейін 571 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып отыр. Осы жылы 10 айдың қорытындысы бойынша 82 млрд теңге немесе жылдық жоспардың 73 пайызы игерілді. Қазандағы жағдай бойынша қолданыстағы бағдарламаны іске асыру 563 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тартуға мүмкіндік берді. Бұл жылдық жоспардың 99 пайызын құрайды. Олардың ішінен 458 мың адам, оның ішінде 327 мың адам немесе 71 пайызы тұрақты жұмысқа орналастырылды", - деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.
Ол "Еңбек" бағдарламасы мемлекеттік бағдарлама ретінде қайта бекітілгенін атап өтті. Бұл бағдарлама еңбек ресурстарының білімін арттыру, жаппай кәсіпкерлікті дамыту және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды нәтижелі жұмысқа орналастыру мақсатын көздейді.
30 қазан 2018 ж. 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9629)

04 шілде 2020 ж.

№49 (9628)

30 маусым 2020 ж.

№48 (9627)

27 маусым 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031