» » АУДАН ӘКІМІ ЕҢБЕК АУЫЛЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

АУДАН ӘКІМІ ЕҢБЕК АУЫЛЫНДА БІРҚАТАР КӘСІПКЕРЛІК НЫСАНДАРДЫҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

Аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев Жалағаш ауданы Еңбек ауылдық округіндегі 200 адамға арналған мейрамхананың және шағын маркеттің ашылуына қатысты.

- Аймақ басшысының бастамасымен облыста биылғы жыл жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жарияланған болатын. Жартыжылдықтың қорытындысымен игі бастама үш жылға ұзартылды. Қолдауды сезініп, кәсібін ашуға ниет білдіргендердің саны артып отыр. Оның ішінде осы Жалағаш ауданында да серпіліс бар екенін атап өтуге болады. Мәселен, 2018 жылдың 1 қарашасына тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілер саны 2342 бірлікті құрап отыр. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 927-ге артқан, - деді аудан басшысы өз сөзінде.
Кәсіпкерлік нысандардың ашылуында Еңбек ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Балханов сөз сөйлеп, ел игілігіне пайдалануға берілгелі отырған нысандардың ашылуымен құттықтады.
Айта кету керек, аталмыш кәсіпкерлік нысандар ауыл азаматы, «Еңбек Жер» ЖШС директоры Шакизатхан Искаковтың жеке қаражаты есебінен салынған. Оның бастамасымен ауыл орталығынан Мүсірәлі баба мешіті, балалар алаңдары салынып, 30 жылдық тарихы бар «Батыр аналар» ансамблінің сахналық киімдерін тіктіруге қолдау көрсетіп келеді.
Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға оқу құралдары мен мектеп формаларын, ауылдағы әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген отбасыларға және көп балалы отбасыларға азық-түлік, материалдық көмек, балалардың жазғы тынығу лагерде демалуларына үнемі қолдау көрсетіп келеді. 
2017 жылы жеке қаражаты есебінен май құю бекеті және сыйымдылығы 80 бас мал бордақылау алаңын ашып, жұмыс жасауда.
2018 жылы 2017-2018 оқу жылының бастауыш сынып үздіктеріне 30 дана велосипед тарту етті.
Бүгінгі күні ауыл орталығынан 200 адамға арналған «Асылзат» мейрамханасын, шағын маркет кәсіпкерлік нысандарын ел игілігіне пайдалануға беріп, қазіргі таңда 9 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
14 желтоқсан 2018 ж. 266 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031