» » 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет бекітілді

2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет бекітілді

Депутат И.Құттықожаевтың төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті 25 сессиясы болып өтті. Сессияға облыс әкiмi Қырымбек Көшербаев және оның орынбасарлары мен кеңесшілері, облыс әкiмi аппараты мен облыстық мәслихат аппаратының басшылары, облыстық мемлекеттік мекеме басшылары, құқық қорғау және атқарушы органдарының аумақтық бөлімдерінің басшылары, қала, аудан әкімдері, қалалық және аудандық мәслихат хатшылары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. 

Ибайдулла Дүйсенбайұлы сөз басында облыс әкімі Қырымбек Көшербаевты мәслихат депутаттарының атынан «Ең үздік бизнес орта құрғаны үшін» номинациясы бойынша «Алтын сапа» сыйлығының иегері атанғандығымен құттықтап, облыста бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған ең үздік өңірге айналдырған аймақ басшысының Сыр өңірін саяси – экономикалық дамуына қосқан үлесі зор екендігін айтып өтті. 
Кезекті сессияның күн тәртібі бекітіліп болған соң, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облысымыздың жалпы экономикалық-әлеуметтік даму динамикасы жайлы шолу жасап өтті. 
Күн тәртібіндегі негізгі «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» мәселе бойынша Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрғали Қордабай баяндама жасап, оның қорытындысы бойынша мәслихаттағы бюджеттік комиссия төрайымы Райхан Ысқақова қосымша баяндама жасап, депутаттар бюджет жобасын бірауыздан қолдады. Сондай-ақ, күн тәртібіндегі «Жергілікті полиция қызметі басшысының есебін қарау және оның қызметін бағалау туралы» мәселе бойынша Жергілікті полиция қызметінің басшысы Бауыржан Ибраев баяндама жасап, атқарылған жұмыстарына тоқталды. Облыс халқының игілігіне пайдаланылатын әлеуметтік нысандардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша мемлекеттік міндеттемелер туралы шешімдер қабылданды. 
Күн тәртібіндегі «Қызылорда облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселе бойынша облыс әкімі Қ.Көшербаев Сыр елі Ұлы перзенттерге кенде болмағандығын айта келе, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына ерекше еңбегі сіңген азаматтар: Құдайберген Саржанов, Әбдуәлі Баешов және Нұртөре Жүсіптің сіңірген еңбектерін ерекше атап өтті. 
Сессия барысында Қызылорда облыстық мәслихатының экономика, қаржы және жергілікті басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жылдық есебі және Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары және мәслихат құзырына жататын шешімдер бекітілді. 
Қырымбек Көшербаев Елордамыздың қалыптасуына, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына елеулі үлестерін қосқан бірқатар облыстық мәслихат депутаттарын Қырымбек Көшербаев «Астананың 20 жылдығы» мерекелік медалімен марапаттады. Одан соң, Қызылорда облыстық мәслихатының хатшысы Наурызбай Байқадамов «Біздің депутат» қоғамдық-саяси газетінің 2018 жылдың қорытындысы бойынша анықтаған үздіктер қатарында болған Райкүл Байназароваға «Үздік депутат» төсбелгісін табыстады. 
Сессия соңында №7 Жосалы сайлау округінің депутаты Шакизада Әбдікәрімов Қызылорда облыстық мәслихатының кезекті сессияның төрағасы болып сайланды.
14 желтоқсан 2018 ж. 450 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 573

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 558

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031