» » Қазақстанда мұнай арзандады

Қазақстанда мұнай арзандады



2018 жылы 2019 жылдың қаңтар айында қазақстандық мұнай 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырған 5,2% арзандап, бір тоннасы үшін 62,5 мың теңгені құрады. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды. 

Статистика комитетінің ақпаратына сәйкес, қаңтар айында ең қымбат шикізат қызылордалық мұнай болған. Бұл өңірдегі мұнайдың бір тоннасы үшін баға 84,2 мың теңге көлемінде болған (төмендеу 1,9%). 

Өз кезегінде, ақтөбелік мұнай жыл басынан бері 0,7% арзандаған (тоннасы үшін 76,1 мың теңгеге дейін), ал маңғыстаулық – 5,1% (тоннасы үшін 54,5 мың теңгеге дейін), атыраулық – 6,3% (тоннасы үшін 61,1 мың теңгеге дейін) арзандаған. 

Ал қаңтар айында бензин  бағасы 139,8 мың теңгені құрап, 5% арзандай түскен. 

Сонымен қатар, дизель отыны бір ай ішінде 0,1% арзандап, 71,2 мың теңгені құраса, мазут 1,8% арзандап, 71,8 мың теңге шегінде болған.

baq.kz

11 ақпан 2019 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (9537)

06 тамыз 2019 ж.

№60 (9536)

03 тамыз 2019 ж.

№59 (9535)

30 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031