» » Миллиондап қарыз төлемеу үшін несие аларда нені білу керек

Миллиондап қарыз төлемеу үшін несие аларда нені білу керек

Бір жылдың ішінде қазақстандықтар микрокредиттік ұйымдардан 500 миллиард теңге қарыз алған. Пайыздық мөлшерлемесі аспандап тұрған компаниялардан ақшаны алуын алып, кейін қайтара алмай айыппұлымен қоса есептегенде миллиондап берешек болып қалғандар қаншама.

Ðиллиондап ÒаÑÑз ÑÓ©Ð»ÐµÐ¼ÐµÑ Ò¯ÑÑн неÑие алаÑда Ð½ÐµÐ½Ñ Ð±ÑÐ»Ñ ÐºÐµÑек


Еуразия арнасы республика бойынша қанша микрокредиттік ұйымдардың жұмыс істеп тұрғанын және бұл бизнеске қатысты мамандардың да пікірін біліп көрді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қарызды күліп беріп уақытында төлемесең, пайызымен төмпештеп жылатып тұрып алатын микрокредит. Мұндай ұйымдарды қалалық жерде тұратын азаматтардың бәрі біледі. Алысқа бармай-ақ, өткен жылдың статистикасын қарайықшы.

2018 жылдың қорытындысы бойынша, жаңағы ұйымдар жеке тұлғаларға 346,2 млрд теңге қарыз берген. Арғы жылға қарағанда өсім 32,9 пайызды құрапты. Ал, заңды тұлғалар 154,5 млрд теңгеге несие рәсімдеген. Кәсіпкерлер бір алған соң жоламайын деген сияқты. Себебі, 2017 жылмен салыстырғанда берілген ақшаның көлемі 27,7 пайызға азайған.

Бизнесмендер біледі. Білген соң келесі жолы қаражат қажет болса пайызы төмен, шарты ыңғайлы мекемеге барады. Ал, тұрғындар неге микрокредиттің проценті жоғары болса да сол ұйымға барып қол жаяды?

"Негізі жоламаған дұрыс қой. Бірақ заман солай болып тұр қазір. Айлықтан айлыққа дейін өмір сүретін болып кеттік. Күнкөріс нашарлау болып кетті. Сол себептен несие алады деп ойламаймын негізінде".

"Ол сана сезіміне байланысты шығар деп ойлаймын. Болашақ өмірді несиеге жығу деген өте қиын жағдай сияқты. Керек нәрсені мен жоспарлап барып жинап аламын", - дейді тұрғындар.

Ай сайын еңбегіңе қарай алатын жалақың ішіп-жем мен пәтерақыдан артылса жинайсың, жоспарлауға болады әрине. Алайда тапқан-таянғаны жетпей, тарыққандар амал жоқ барады, алады. Тағы бір статистика. Осыдан 5 жыл бұрын микрокредиттік компаниялардың саны 1838 болған екен. Бұл күнде 824-ке азайған.  Экономика саласының мамандары қаражат береді екен деп пайызға қарамау, шартты оқымау азаматтардың өз қателігі екенін айтады.  
"Азаматтық кодекс бойынша банктер айтады мен оны ешқандай тәуелді жағдайда жасатқан жоқпын. Шартты жасасқан, осы пайызға келіскен жеке тұлға немесе заңды тұлға деп айтады. Бір жағынан ойлап қарасаңыз банктікі де дұрыс. Негізі банктың алдына қойылған мақсат делдалдық қызмет және пайда табу қызметі", - дейді экономист Дәуренбек Мәжітұлы. 

Азғантай ақша алып, аузы күйгендер жайлы осыған дейін де айтқан едік. Алматы тұрғыны Наталья Егер микрокредиттік ұйымнан 50 мың теңгеге несие рәсімдеген. Бірер ай төлей алмай қалғанын жасырмады. Қарызы күн санап емес, сағат сайын өскенге ұқсайды. Түбінде 50 мың теңге 35 миллионға айналып шыға келген. Наталья енді мұндай компанияларға жоламаспын деп отыр. Себебі пайыздық мөлшерлемесі құжатта бір бөлек, іс жүзінде тіптен басқаша есептеледі екен.

"Олар мені төрелік сотқа берді. Ақыры 1 миллион теңге төлейсің деп шешім шығарды. Мен келіспей аудандық сотқа шағымдандым. Ол процестен ұтылып қалдым. Кейін қалалық сотқа шағым жаздым. Онда да іс менің пайдама шешілмеді. Одан кейін барып біз бітімгершілік келісімге келдік. 200 мың теңге төлейтін болдым. Бірақ аталған қаражатты осыдан 2 жыл бұрын да адам құсап айтса беретін едім ғой. Әдейі уақыт созып елден бірнеше еселеп алғысы келеді", - деді қала тұрғыны Наталья Егер.

Микрокредиттк ұйымдардың жұмысы Ұлттық банктің бақылауында. Алайда мәжіліс депутаты Азат Перуашев жауапты мекеме осы компаниялардың жұмысын толық бақылап отыр дегенге сенбейді. 

"Олар бұл жағдайды өз пайдасына айналдырып, клиенттерге миға сыймайтын пайыз қойып отыр. Бұл жұмыстар өкінішке қарай қазіргі кезде Ұлттық банктің назарынан тыс қалды. Ең алдымен азаматтардың заңды құқықтарын қорғау мақсатында осы секторларды қолға алуға тиіспіз", - дейдң Азат Перуашев.

Мамандар қандай сомада болсын қаражат аларда бірінші келісім-шартпен толық танысуға, екінші төлей алмаған жағдайда неге әкелетінін толық біліп алуға кеңес береді. Әйтпесе берешектен құтылуыңыз қиындап кетеді.

 Stan.kz.
12 сәуір 2019 ж. 561 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9559)

22 қазан 2019 ж.

№82 (9558)

19 қазан 2019 ж.

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031