» » Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі анықталды

Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі анықталды

2019 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша, Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 7 пайызға өскен. 
ÒазаÒÑÑанда ең ÑÓ©Ð¼ÐµÐ½Ð³Ñ ÐºÒ¯Ð½ÐºÓ©ÑÑÑ Ð´ÐµÒ£Ð³ÐµÐ¹Ñ Ð°Ð½ÑÒÑалдÑ


ERNUR.KZ. Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 500 теңгеге жетті, - деп жазады tengrinews.kz.

Сарапшылардың мәліметінше, 2019 жылдың мамыр айындағы жағдай бойынша, Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 7 пайызға өсіп, 28 300 теңгеге жеткен. Олардың 15 600 теңге - азық-түлік тауарларына жұмсалса, 12 700 теңге азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызмет түрлеріне жұмсалған.

"Былтыр мамыр айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 500 теңге болды. Айта кететін жайт, биыл азық-түлік пен қызмет түрлері 5,3 пайыза қымбаттады", - дейді мамандар.


"Маңғыстау облысында ең төменгі күнкөріс деңгейі - 34 500 теңге, Нұр-Сұлтан мен Алматыда - 33 100 теңге және 31 300 теңге болса, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында 28 300 теңге және 28 800 теңге мөлшерінде тіркелді. Ал Павлоарда 25 100 теңге, Батыс Қазақстан облысында ең төмен күнкөріс деңгейі 25 600 теңге болса, Ақтөбе облысында 25 800 теңге", - дейді Finprom.kz сарапшылары.

ERNUR.KZ.
10 маусым 2019 ж. 368 0