» » "7-20-25": Бұдан былай 20% соманы бастапқы жарна ретінде төлеуге рұқсат беріледі

"7-20-25": Бұдан былай 20% соманы бастапқы жарна ретінде төлеуге рұқсат беріледі

Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасының талаптарына өзгерістер енгізіп, оның мүмкіндіктерін кеңейтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Баспана» ипотекалық ұйымына сілтеме жасап.  

ипоÑека

Бұдан былай қарыз алушының қалауы бойынша тұрғын үй құнының 20%-нен артық соманы бастапқы жарна ретінде төлеуге рұқсат беріледі. Оның нәтижесінде негізгі борыш сомасы азайып, банктердің қарыз алушының төлем қабілеттілігіне қоятын талаптары төмендетіледі.

"Бұрынғы талап бойынша бекітілген бастапқы жарнаның тұрақты мөлшері қолында 20%-тен артық сомасы бар клиенттерге біраз қолайсыздықтар туғызғаны рас. Ал қазір азаматтар бастапқы жарнаны көбейту арқылы ипотеканы мақұлдау мүмкіндігін арттыра алады.

Сонымен бірге, банктер үшін кредиттік тәуекелдер де төмендейді. «7-20-25» бағдарламасы уақыт талаптарына сай, қазақстандықтардың қалауын ескере отырып жаңаруда», - деді «Баспана» ипотекалық ұйымы серіктес-банктермен жұмыс жөніндегі департамент директоры Қанат Әбдірайымов.

Қазір «7-20-25» бағдарламасына қатысушы банктер тиісті дайындық жұмыстарын жүргізуде. Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама аясында ЦентрКредит, Сбербанк, Халық Банк, АТФБанк, Jýsan bank, Bank RBK, Еуразиялық банк және ForteBank сынды 8 қаржы ұйымы несие береді.

Stan.kz
24 маусым 2019 ж. 403 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9620)

02 маусым 2020 ж.

№40 (9619)

30 мамыр 2020 ж.

№39 (9618)

26 мамыр 2020 ж.

Хабарландыру

ЖҰРТШЫЛЫҚ НАЗАРЫНА!

01 маусым 2020 ж. 66

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930