» » 14 жасынан жұмыс істеу: Еліміздегі ең бай адамдардың бірінің қызы аспаздың көмекшісі болды

14 жасынан жұмыс істеу: Еліміздегі ең бай адамдардың бірінің қызы аспаздың көмекшісі болды

BI Group құрылыс компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев қыздарының аспаздың көмекшісі болып жүргенін айтты. Оның сөзінше, отбасындағы жазылмаған ереже бойынша балалар 14 жасынан жұмыс істеуі керек, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

14 жаÑÑнан жұмÑÑ ÑÑÑеÑ: ÒазаÒÑÑандаÒÑ ÐµÒ£ бай адамдаÑдÑÒ£ бÑÑÑнÑÒ£ ÒÑÐ·Ñ Ð°ÑпаздÑÒ£ көмекÑÑÑÑ Ð±Ð¾Ð»Ð´Ñ

Өз сөзінде Рахымбаев қыздарының асханада аспаздың көмекшісі болып жұмыс істеп жүргенін, олардың кімнің баласы екенін ешкім білмейтінін атап өтті.

«Қазір екі қызым да құрылыстағы жұмысшыларға арналған асханада аспаздың көмекшісі болып жұмыс істеп жүр. Барлығы әділ болуы үшін, жұмысқа басқа текпен кірді. Тіпті, аспаздар да олардың кімнің баласы екенін білмейді. Олардың таңертеңгі 8:00-ден түнгі 22:00-ге дейін 12 сағат тынбай жұмыс істегенін көріп мен шаршап отырмын. Бәрі ересектердікіндей. Таңертеңнен 50 келі картоп, 14 келі пияз, 16 келі сәбіз тазалап, нан өнімдерін пісіріп, сонымен қатар 200-ден аса жұмысшының ыдысын, кәстрөлдерді жуады. Ұйқылары қанбайды, қатты шаршайды. Алайда біздің отбасындағы 14 жастан бастап жұмыс істеу ережесін табандылықпен орындап жүр», - деп жазды кәсіпкер Facebook желісінде. 

Сонымен қатар ол қыздарының бірінің жұмыстан шаршап, ұйықтап кеткен суретін жариялады.  Ол балаларына жаны ашығанымен, болашақта еңбегінің жемісін көреді деп білетінін айтты.

«Жаным менің, шаршап қалыпты. Жақсы көремін және бұрқылдап, шағымданбайтындары үшін мақтанамын. Әрине, балаларыма жаным ашиды. Бірақ осы істеген жұмыстары кейін өмірлерінде үлкен көмек болады деп санаймын», - дейді Айдын Рахымбаев. 

Оның сөзінше, сонымен қатар ұлы да құрылыста кірпіш қалаушының көмекшісі болып жұмыс істеп жүрген көрінеді. 


04 шілде 2019 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№45 (9521)

11 маусым 2019 ж.

№44 (9520)

07 маусым 2019 ж.

№43 (9519)

04 маусым 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

09 шілде 2019 ж. 125

ХАБАРЛАНДЫРУ

05 шілде 2019 ж. 82

Сессияға шақыру

02 шілде 2019 ж. 102

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031