» » Қыз туды: Атырау қаласының тұрғыны 20 жыл отасқан әйелін үйінен қуып шыққан

Қыз туды: Атырау қаласының тұрғыны 20 жыл отасқан әйелін үйінен қуып шыққан



Атырау қаласының тұрғыны 20 жыл отасқан әйелін үйінен қуып шыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Бұл туралы атырулық полиция өкілдері біліп, әйелдің баспана табуына көмектескен. Алмагүл есімді азаматша Атырауда тұрақты жұмыс табуға тырысқанын айтты. Алайда, ол үй мен бала күтушісіне бірдей төлейтін қаражат таба алмаған.
"Енем қайтыс болғанға дейін жақсы тұрдық. Артынша жалғыз ұлымызды жоғалтып алдық. Содан кейін күйеуім араққа әуестенді. Мен бесінші баламды дүниеге әкелгеннен кейін күйеуім қыз екенін біліп, үйден қуып шықты. Үйге кіргізбейді, үлкен қыздарыммен көрісе алмаймын. Анам көрші облыста тұрады. Бірақ, ол кісінің көңіліне кірбің түсіргім келмейді. Баспанам болмағандықтан, қыздарымды алып кете алмай отырмын", - дейді Алмагүл.
Полиция қызметкерлері Алмагүлге кризистік орталықты паналауға ұсыныс жасаған. Мамандар әуелі неке туралы куәлікті қалпына келтіріп, артынша баланың туу туралы куәлігін рәсімдемек. Кризистік орталықта келіншек 6 ай тұра алады. Алмагүл осы уақыт аралығында аяққа тұрып кетемін деп үміттеніп отыр. 
Қазіргі таңда кішкентай қызда рахит ауруы пайда болған. Анасы қызын емдеумен айналысып жатыр. 



Stan.kz

08 шілде 2019 ж. 4 491 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031