» » Нұр-Сұлтанда пандусы жоқ емхананың дәрігері науқастың тісін көшеде қараған

Нұр-Сұлтанда пандусы жоқ емхананың дәрігері науқастың тісін көшеде қараған


Нұр-Сұлтан қаласында пандусы жоқ тіс емханасының дәрігері арбаға таңылған пациенттің тісін көшеге шығып қарауға мәжбүр болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мүмкіндігі шектеулі елордалық Жаслан Сүлеймен тісі сынып, дәрігерге қаралмақ болады.

Алайда тіс емханасына кіретін пандус болмағандықтан, тіс дәрігері оны далаға шығып қарауға мәжбүр болған.

«Қанша жылдан байқағаным, пандусы не арбаны көтеретін қондырғысы жоқ тіс емханасында баға қолжетімді. Егер, барлығы талапқа сай келсе, яғни, пандусы да бар, көтерме жабдығы да жұмыс істеп тұрса, баға жоғары болатын сияқты. Сондықтан, арзан емхана керек кезде пандусына мән бермеуге тура келеді», - дейді Жаслан Сүлеймен.

Абырой болғанда, пандусы болмаса да, дәрігері адамгершілік танытып, мүмкіндігі шектеулі жігітті көшеге шығып қарауға мәжбүр болған.

Арбаға таңылғанына 20 жылдан асқан Жаслан мемлекет тарапынан тіс емдетуге тегін квота барын да айтады. Алайда, ол квота үнемі таусылып қала бергендіктен, пайдалана алмай жүр екен.


Кабинетінен шығып, мүмкіндігі шектеулі азаматтың көңілін қалдырмаған дәрігерге Жасланның алғыстан басқа айтары жоқ.


Дегенмен, емхана басшысы пандус жағын реттесе деген ұсынысын да жасырмады.




https://kaz.nur.kz
08 шілде 2019 ж. 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031