» » Вице-министр Эльмира Суханбердиева кінәсін мойындады

Вице-министр Эльмира Суханбердиева кінәсін мойындады

Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
Білім және ғылым вице-министріне қатысты қозғалған қылмыстық іс Есіл ауданының № 2 сотына түскен болатын. Суханбердиеваны сот залына айдауылдар жеткізді. Сот отырысы барысында Эльмира Суханбердиеваның кінәсін мойындап, тергеу көрсеткен дәлелдерге қарсылық білдірмегені белгілі болды. Бұл туралы прокурор айтты. "Күдіктілер дәлелдерге наразылық танытқан жоқ", - деді мемлекеттік айыптаушы.
Еске салайық, мұның алдында Ұлттық бюроның білім және ғылым вице-министріне қатысты қылмыстық іс қозғағаны хабарланған болатын.  Эльмира Суханбердиева 1971 жылы 26 қазанда Атырау облысында дүниеге келген. 1995 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.
09 шілде 2019 ж. 6 110 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031