» » Ақтауда суға батқан ағайынды бауырлардың бірінің денесі табылды

Ақтауда суға батқан ағайынды бауырлардың бірінің денесі табылды

Ақтаудағы суға кеткен ағайынды бауырлардың бірінің денесі табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


Су құтқарушылары 5 шілде күні суға батып кеткен 25 жастағы адамның денесін тапты. ТЖК мәлімдегендей, бүгінгі таңертеңгі сағат 11: 00-де Толбай Серіковтің денесі табылды.

Мәйіт "Шора" су арнасының аумағында табылды. 10 жасар баланы іздеу жұмысы жалғасуда.

Еске салайық, Маңғыстау тұғындарының суға батып кеткені туралы ақпарат 5 шілде күні жария болды. Арнада 25 жастағы ер адам, 10 жасар бала және 1999 жылы туылған қыз шомылған. 

Құтқарушылардың айтуынша, олар тыйым салынған жерде шомылған. Бесшоқы кентінің тұрғынын жергілікті полиция қызметкері құтқарды. Содан кейін жедел жәрдеммен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Ер адам мен баланы құтқару мүмкін болмады. Олардың ағайынды Толбай Серік пен Әбуғали Еркебұлан екені белгілі болды.
10 шілде 2019 ж. 205 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (9557)

15 қазан 2019 ж.

№80 (9556)

12 қазан 2019 ж.

№79 (9555)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031