» » Қазақстанда жекеменшік пәтеріңе ақша жинау мүмкін бе: бұған қанша жыл кетеді

Қазақстанда жекеменшік пәтеріңе ақша жинау мүмкін бе: бұған қанша жыл кетеді

Жалақысы орташа Қазақстан азаматы тұрғын алаңы 70 шаршы метрді құрайтын пәтерді сатып алу үшін тапқан табысын 9 жыл бойы жинауы керек. Бұл туралы Stan.kz сайты Статистика агенттігінің 2018 жылғы мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды. 

Былтыр бір жылдық орташа жалақы 163 257 теңгені құрады. Жаңа құрылған үйде шаршы метрдің орташа құны ауданға байланысты 116 000 теңгеден (Тараз) 340 000 теңгеге дейін (Алматы) жеткен еді. Еліміз бойынша оның орташа құны 266 900 теңгені құрады (651 еуро).

Біз құны 18 683 000 теңге, ал тұрғын алаңы 70 шаршы метрді құрайтын үйді сатып алу үшін қанша орташа жалақы керек екенін есептедік. Мұндай баспанаға қол жеткізгісі келетін адам 9,5 жыл бойы ақша жинауы керек екен. Сондай-ақ қаражатын үнемдеп, басқа мүлікті сатып алуды кейінге қалдыра тұруы қажет. 

Еуропадағы Deloitte компаниясы тұрғын алаңы 70 шаршы метрлік үйді сатып алу үшін қанша уақыт бойы ақша жинау керектігін анықтаған. Біздің еліміздегі көрсеткішпен олардікін салыстырып көргеніміз жөн. Зерттеу қорытындысы бойынша, Португалияда мұндай пәтерді сатып алу үшін орташа есеппен алғанда 3,8 жыл бойы ақша жинау жеткілікті  (бір шаршы метрдің құны 1088 еуро). Бельгияда жоғарыда аталған үйді 4 жылдың ішінде сатып алуға болады (бір шаршы метрдің құны 2481 еуро). Ал, Норвегия мен Дания тұрғындарына пәтерді сатып алу үшін 5 жыл қажет (бір шаршы метр үшін 4043 және 2683 еуро).

ÒазаÒÑÑанда жеке менÑÑк баÑпанаÒа аÒÑа жинаÒÑÐ°Ñ ÑÑндÑÒÒа жанаÑа ма: ÒанÑа жÑл ÒажеÑ

Ақшаны Еуропада бәрінен де ұзақ уақыт бойы жинау керек. Чехия азаматтарына 70 шаршы метрлік үйді алу үшін 11 жыл қажет екен (бір шаршы метрдің құны 2525 еуро). Ақшаны ұзақ уақыт бойы жинауға мәжбүр мемлекеттердің қатарына Латвия (бір шаршы метрдің құны 1739 еуро) мен Ұлыбритания (бір шаршы метрдің құны 3753 еуро) кірді. Бұл елдің азаматтарына үй сатып алу үшін 10,1 және 9,4 жыл қажет. 

Stan.kz 
23 шілде 2019 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (9547)

10 қыркүйек 2019 ж.

№70 (9546)

07 қыркүйек 2019 ж.

№69 (9545)

03 қыркүйек 2019 ж.

Сұхбат

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30