» » Дәрігерлер ғажайыпқа теңеді: Қазақстандық ДЦП-мен ауыратын жұптың баласы сау болып дүниеге келген

Дәрігерлер ғажайыпқа теңеді: Қазақстандық ДЦП-мен ауыратын жұптың баласы сау болып дүниеге келген

ДЦП-мен ауыратын жұптың баласы сау болып дүниеге келген, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ÐЦÐ-мен аÑÑÑаÑÑн жұпÑÑÒ£ балаÑÑ ÑÐ°Ñ Ð±Ð¾Ð»Ñп дүниеге келген

Алматылық ерлі-зайыпты Валентина мен Сайфутдин дені сау ұл баланы өмірге алып келді. Бұл Қазақстандағы болған алғашқы оқиға. 

Ерлі-зайыптылар некелерін ресми түрде 2019 жылдың 2 мамырында тіркеген. Қазір олар бір шаңырақта ұлдарына тәрбие беріп отыр. Бала ағымдағы жылдың 22 маусымында дүниеге келген. Оған Рамиль деген ат қойған. Кішкентай нәрестенің денсаулығы жақсы, өміріне ешқандай қауіп жоқ. 

"Олар интернатта танысты. Артынша біздің Амал-Иман балалар қорымен және мүгедектігі бар жастармен жұмыс істеуді қолға алған. Сайфутдин Савурхаджаев 33 жаста, церебральды сал ауруы диагнозы қойылған, 1-топтағы мүгедек. Осында шығармашылықпен айналысады және әлеуметтік қызметкер. Ол аяғымен ерекше бұйымдар жасайды, шарфтар тоқып, суреттер салады, адамдарға мүгедектер арбасында жүруге көмектеседі. Жақында ол ата-анасынан айрылды. 32 жастағы Валентина Дьячковаға церебральды сал ауруы диагнозын қойған. 2-топ мүгедек көп балалы отбасынан шыққан. Оның анасы бар. 2019 жылдың 2 мамырында олар ресми түрде отбасы болған. Қазір Валентина күйеуінің тегін алған", - дейді "Амал-Иман" ҚҚ директоры Ризвана Науметова.

Дәрігерлер тарапынан қанша қарсылық болса да, Валентина берілмей, баласының дүниеге келуі үшін барлық мүмкіндікті жасаған. Жүктілік кезінде қиынықтар болса да төтеп беріп, нәресте 8 айлық болып дүниеге келді. 

"Дәрігерлер оған көтере алмайтынын, бала тудыру қиын болатынын түсіндірген. Алайда келіншек ешкімді тыңдамай, экоорталықтың көмегіне жүгінді. Әрине, жүктілік кезінде қиыншылықтар болды. Алайда ол дес берген жоқ. Осылайша ұлдары перинатология және балалар жүрек хирургиясы орталығында дүниеге келді", - деді Ризвана Науметова.

Қазір Валентинаның ата-анасы мерзімінен бұрын туған нәрестені бағуға көмектесіп жүр. Алайда, болашақта ерлі-зайыптылар балаларын өздері жетілдірмек ниетте. Олар жалақылары мен мемлекет тарапынан алатын көмекті перзенттеріне жұмсамақ. 

"Церебральды сал ауруы және эпилепсиямен ауыратын әйел адамның сау нәрестені дүниеге әкелуі Қазақстанда алғашқы рет болып отыр. Көпшілік мұны ғажайыпқа балаған. Қанша қиын болса да мамандар жұмыс жасай отырып, осындай нәтижеге жетті. Нәрестенің салмағы - 2,515кг, бойы - 44см", - дейді Ризвана Науметова.
31 шілде 2019 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 497

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 481

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031