» » Байқоңырдан ғарыштық жүк кемесі ұшырылды

Байқоңырдан ғарыштық жүк кемесі ұшырылды

Зымыранды ұшыру штаттық режімде өтті.

ÐайÒоңÑÑдан ÒаÑÑÑÑÑÒ Ð¶Ò¯Ðº кемеÑÑ Ò±ÑÑÑÑлдÑ


31 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша 18 сағат 10 минут 46 секундта Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-12» көліктік жүк кемесі бар «Союз 2.1» зымыран тасығышы ұшырылды, деп жазады ҚазАқпарат. Зымыранды ұшыру штаттық режімде өтті. Ұшырылу барысы тікелей эфирден көрсетіліп, комментаторлар «Прогресс МС-12» кемесінің орбитаға аттану сәтінен репортаж жүргізді. Белгіленген уақытта зымыран тасығышының бірінші және екінші сатылары ажырады. Старттан кейінгі оныншы минутта ғарыштық жүк кемесі зымыран тасығышының үшінші сатысынан бөлінді.

«Прогресс МС-12» орбитаға шығарылды. «Прогресс МС-12» кемесі ұшу сәтінен 3 сағат өткен соң ХҒС-пен түйісуі керек. Роскосмостың телестудиясы «Прогресс МС-12» ғарыштық жүк кемесінің стансаға түйісу сәтін тікелей эфирден көрсетуді жоспарлайды. Кеме Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) 1,2 тонна құрғақ жүк, бір тоннадан астам жанармай, «Родник» жүйесі бактарында 420 келі су, баллондарда 50 келі сығымдалған газ жеткізуі керек. Жүк қоятын бөлікте ғылыми құрал-жабдықтар, тамақ салынған контейнерлер, киім-кешек, дәрі-дәрмек пен экипаж мүшелеріне арналған жеке гигиена заттары салынған.

ERNUR.KZ
01 тамыз 2019 ж. 74 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031