» » Astana LRT бұрынғы басшысының ұрлық анықталғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалғаны белгілі болды

Astana LRT бұрынғы басшысының ұрлық анықталғанға дейін Қазақстаннан кетіп қалғаны белгілі болды

Astana LRT бұÑÑнÒÑ Ð±Ð°ÑÑÑÑÑнÑÒ£ Ò±ÑлÑÒ Ð°Ð½ÑÒÑалÒанÒа дейÑн ÒазаÒÑÑаннан кеÑÑп ÒалÒÐ°Ð½Ñ Ð±ÐµÐ»Ð³ÑÐ»Ñ Ð±Ð¾Ð»Ð´Ñ

Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі брифингте «Астана LRT» ЖШС лауазымды тұлғаларына қарсы жеңіл рельсті көлік құралдарын салу кезінде ақша ұрлау фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана LRT «ЖШС-нің лауазымды адамдарына жеңілрельсті көлік құралдарын салу кезінде бюджет қаржысын жымқыруға қатысты қылмыстық істі тергеуде», - деді агроөнеркәсіптік кешенді тергеу бөлімінің аға тергеушісі Данияр Бегайдаров.
Оның айтуынша, компания басшылығына қатысты бірқатар қылмыстық істер қозғалды. Қазір ұрлық көлемі мен жазаға тартылатын адамдардың шеңбері анықталуда.
Бұл іс бойынша әлі сот процесі болған жоқ, дегенмен Талғат Арданға айып тағылып, іздеушілер тізіміне салынды. Интерпол оны іздеуде.
Сот ісі басталғанға дейін, Ардан Қазақстаннан кетіп қалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілдер оның нақты шыққан күнін хабарламайды. 
Бұл істі тергеу жалғасып жатқанда, журналистерге басқа ақпарат берілмеді.
Еске салсақ, Ардан бұл қызметінен 2017 жылдың шілдесінде кеткен болатын.

Stan.kz

02 тамыз 2019 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031