» » Қазақстандық әйелдің туысқаны ұялы телефонын ұрлап, оның атына несие рәсімдеген

Қазақстандық әйелдің туысқаны ұялы телефонын ұрлап, оның атына несие рәсімдеген



Ақмолалық полицейлер қазақстандық әйелдің ұялы телефонын ұрлап, оның атына несие рәсімдеген күдіктіні анықтады. Ұры жәбірленушінің туысқаны болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қылмыстық іс биылғы жылдың маусым айында Атбасар ауданында орын алған. Арыз жазған 29 жастағы әйелдің сөзінше, белгісіз біреу жоғалған ұялы телефонның қосымшасы арқылы несие рәсімдеген. Жарты жылдан кейін жәбірленуші 620 000 теңге көлемінде қарызы бар екені жайлы хабарландыру алған. 
Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 1 тамызда полиция қызметкерлері күдіктінің тұлғасын анықтады. Несие рәсімдеген азамат әйелдің 27 жастағы туысқаны болып шықты. Ол өз кінәсін мойындады.

 https://stan.kz

04 тамыз 2019 ж. 36 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№65 (9541)

20 тамыз 2019 ж.

№64 (9540)

17 тамыз 2019 ж.

№63 (9539)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031