» » "Мұндайды жауыңа да тілемейсің": Ақтауда бір күнге қамалған хирургті сот кінәсіз деп таныды

"Мұндайды жауыңа да тілемейсің": Ақтауда бір күнге қамалған хирургті сот кінәсіз деп таныды

акÑаÑ

Ақтауда балалар хирургы Насуқан Отарғазиевті ҚР Әкімшілік Кодексінің 434-бабының 2-бөлігі бойынша кінәсіз деп мойындады(ұсақ бұзақылық). Дәрігерге тағылған үкімнің күшін жойды, деп хабарлайды Stan.kz  ақпарат агенттігі Lada.kz басылымына сілтеп.           

Құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты апелляциялық сотта бірінші сатыдағы соттың үкімі жойылды. Насуқан Отарғазиев ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәсіз деп танылды. 
- Күдік болған жоқ. Иә, 50-де 50 болғаны рас. Бірақ сот мені ақтап алғаны үшін үлкен рахмет. Маған қолдау көрсеткендерге алғыс айтқым келді. Алғашқы күннен бастап қасымнан табылған облыстық балалар ауруханасының басшылығына, барлық әріптестеріме, маған қолдау көрсетіп, кінәсіз деп сенген адамдарға мың алғыс, - деді Насуқан Отарғазиев.                
Апелляциялық сот барысында бірінші сотта куәлік бермеген куәгерлер сұраққа алынды. Олар оқиға болған күні балалар ауруханасына келген баланың анасы дәрігерге былапыт сөздер айтқан. Ал ұлы дәрігерге қол көтеріп ұмтылған. Өз кезегінде дәрігер оның бәрін кешірді.  
"Жасы үлкен әйел, соның үстіне ІІ топтағы мүгедек адам. Немересімен келгендіктен мен оған қарсы ештеңе істей алмаймын. Балаларының қызығын көрсінғ ауырмасын, одан басқа не айта аламын. Ал ұлына келсек - Құдайға тапсырдым. Судья шешіміне келсек, әрине, біз әлі де осындай шешім маған шығарылғаны туралы талап-арыз беру туралы ойлаймыз. Бір тәулік болса да, мен түрмеде отырдым.  Бұндайды жауыңа да тілемейсің. Мүмкін, тағы да шағымданамыз, - дейді Насуқан Отарғазиев.      
Дәрігер ұсақ бұзақылық жасағаны үшін деп айыптаған кезде бірінші рет аппеляцияны бергенін айтты. Бірақ сот процесіне 5 минут кешігіп кінәлі деп танылған.
"Бірінші сотта мен өзім адвокатсыз шағым бердім, бірақ сол уақытта мен жұмыстан кеш шығып 5 минутқа кешіккеніме байланысты шағым қабылданбай кінәлі деп танылдым. Мойындаймын мен де дау шығарып, науқас тарпына былапыт сөздер айтқан едім. Ал бұл жолы қорлайтын ештеңе айтқан жоқпын, - деді Насукан Отарғазиев. 
Дәрігер қамауға алынған резонанстан кейін де оған жеке клиникаларда жұмыс істеу туралы ұсыныстар түсе бастағанын айтады.                         
"Мен басында айтқандай, тіпті, сот істі менің пайдама шешпесе де, басқа шешім шығар да, облыстық балалар ауруханасында жұмыс істеуді жалғастырар едім. Сөз сөзбен айтқанда, балалардың денсаулығы маңызды. Енді басшылық балалар ауруханасындағы күзет, камерадағы дыбыс мәселесін шешеді деп үміттенемін, және дәрігерлерге қатысты қандай да бір қорғаныс болады, себебі бұл науқастар тарпынан жасалып отырған алғашқы жағдай емес. Дәрігерлердің өміріне қауіп төндіреді, бірақ кінәлілер бәрібір көлеңкеде қалып қояды, - деді Насуқан Отарғазиев.
Естеріңізге сала кетейік, балалар ауруханасына келушіні қорлағаны үшін дәрігер бір тәулікке қамауға алынған еді. Әйел, өз кезегінде, медициналық мекемеде жанжал ұйымдастырған үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза алды.


https://stan.kz

04 тамыз 2019 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9573)

10 желтоқсан 2019 ж.

№96 (9572)

07 желтоқсан 2019 ж.

№95 (9571)

04 желтоқсан 2019 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

28 қазан 2019 ж. 553

Х А Б А Р Л А М А

15 қазан 2019 ж. 538

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031